
Барлығы 34883 гектар ауыл шаруашылығы жерлері бар, оның ішінде:
жайылым -27346 гектар,
егістік - 4505 га,
суармалы жерлер - 605 га,
шабындық - 2217 га.
Қапал ауылында ірі кәсіпорындар жоқ. Қаратал ауданы "Үштөбе Айдын" ЖШС-нің меншігі болып табылатын Қапал май зауыты жұмыс істейді. "Валишанова" ЖК-ның қуаттылығы тәулігіне 300 бөлке нан өнімдерін шығаратын 1 шағын наубайханасы бар.
Ауылда шағын және орта кәсіпорындар саны 259 бірлікті құрайды, оның ішінде:
143 - шаруа қожалығы
4 - ЖШС
112 - жеке кәсіпкер
оларда 1775 адам жұмыс істейді.