GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Все материалы
21 октября 2026
17.10.2026 жылы Матай ауылдық округі бойынша "Таза Қазақстан"акциясы аясында жалпы сенбілік өткізілді
21 октября 2026
Түлек порталында жұмыс істеу бойынша нұсқаулық
15 октября 2026
Матай ауылдық мәдениет үйінде «Ұлтаралық тұрақтылық пен татулық – ел бірлігінің негізі» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді

14.10.2026 Адам саны-40.
Матай ауылдық мәдениет үйінде «Ұлтаралық тұрақтылық пен татулық – ел бірлігінің негізі» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара сыйластықты арттыру, достық пен бірліктің маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында ұлтаралық татулықтың ел тұрақтылығы мен қоғамдық келісімді сақтаудағы рөлі айтылып, әрбір азаматтың бейбітшілік пен ынтымақты нығайтуға қосатын үлесі туралы түсінік берілді.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!

15 октября 2026
2026 жылғы 10 қазанда Матай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы ауылдық сенбілік өткізілді

2026 жылғы 10 қазанда Матай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы ауылдық сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында ауыл аумағын тазарту, абаттандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстары жүргізілді.

05 октября 2026
Құрметті Осербай Даулет Абенұлы және Ізтілеу Әлішер Мұратұлы!

Құрметті Осербай Даулет Абенұлы және Ізтілеу Әлішер Мұратұлы!

Сіздерге адам өмірі мен қауіпсіздігін бәрінен биік қойып, кәсіби міндетіңізді жоғары жауапкершілікпен атқарғаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.Пойызды басқарып келе жатып, жол бойынан кішкентай баланы байқап, дер кезінде шешім қабылдап, пойызды тоқтатуыңыз және баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны ата-анасына аман-есен табыстауыңыз – асқан қырағылықтың, батылдықтың, адамгершіліктің және өз ісіңізге деген жауапкершіліктің айқын үлгісі.Сіздің бұл әрекетіңіз кәсіби шеберлігіңізбен қатар, адам өміріне деген жанашырлығыңыз бен азаматтық ұстанымыңыздың биік екенін көрсетті.Осындай жауапты әрі елеулі еңбегіңіз Қазақстан темір жолы тарапынан жоғары бағаланып, «Еңбек Ері» орденімен марапатталуы – Сіздің ел игілігі жолындағы еңбегіңізге берілген лайықты баға.Сіз өз қызметіңізді жоғары деңгейде атқарып қана қоймай, теміржол саласындағы әрбір маманға үлгі боларлық азаматтық іс көрсеттіңіз.Ел қауіпсіздігі мен халықтың амандығы жолындағы адал еңбегіңіз үшін зор ризашылығымды білдіре отырып, Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілеймін!

05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды

Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды. Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады. «Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр. AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады. Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады. Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

05 октября 2026
Матай ауылында жастар арасында Жетісу облысының чемпиондарын марапаттау рәсімі өтті
05 октября 2026
"КТЖ -Жүк көлік тасымалы" ЖШС -нің Бас директоры Асан Үмбетов арнайы Жетісу облысы, Матай ауылының қаһармандарын марапаттауда
02 октября 2026
Матай ауылдық округі бойынша «Ардақтайық, құрметтейік қарттарды» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді

01.10.2026жыл Матай ауылдық округі бойынша «Ардақтайық, құрметтейік қарттарды» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына арналып мәдени-көпшілік бағдарламалар ұйымдастырылып, түрлі ойындар өткізілді. Мерекелік кешке қатысқан қарттарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның басты мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

29 сентября 2026
«Жеке менеджер» қызметі

   
        «Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда ұсынылады. Ал жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін азамат тіркелген жері бойынша жүгініп, келісімшарт жасайды. Осыдан кейін жеке менеджер құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке қолдау көрсетіп, қызметті басымдықпен алуға мүмкіндік береді.
  Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.
   Сонымен қатар, түрлі себептермен ХҚКО-ға келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Бұл жағдайда маман алдын ала берілген өтінім бойынша келісілген уақыт пен мекенжайға барып қызмет көрсетеді. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге.
    Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ғана көрсетіледі. Алайда паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматқа кірмейді.
    Аталған сервис әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар мен кәсіпкерлер арасында кең сұранысқа ие. Қызметті кез келген азамат өз қалауымен пайдалана алады.
      Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен «Жеке менеджердің үйіне бару» қызметін таңдап, өтінім қалдыру қажет. Сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да кеңес алып, өтінім беруге болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы