
2026 жылы Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне өзгерістер енгізілді, алайда жарналардың ұлғаюы барлық азаматтарға қатысты болмады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, қарапайым қызметкерлер бұрынғыдай жалақысының 2%-ын төлейді, ал жұмыс берушілер 2025 жылдағыдай 3% мөлшерінде жарна аударады.