Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда
2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.
Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.
Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.
Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
«Заң мен тәртіп»: Ақсу ауданында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өткізілді
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Рейд барысында аудан аумағындағы рұқсат етілмеген шомылу орындары араланып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылып, ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ азаматтарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылу қажеттігі, мас күйінде және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларға ұдайы бақылау жасауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.
Адам өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіздіктің басты кепілі.
«Заң мен тәртіп»: Ақсу ауданында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өткізілді
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Рейд барысында аудан аумағындағы рұқсат етілмеген шомылу орындары араланып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылып, ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ азаматтарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылу қажеттігі, мас күйінде және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларға ұдайы бақылау жасауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.
Адам өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіздіктің басты кепілі.
«Заң мен тәртіп»: Ақсу ауданында «Антиграффити» акциясы өткізілді
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және заңсыз граффитидің алдын алу мақсатында Ақсу ауданында «Антиграффити» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара Ақсу аудандық полиция бөлімі мен «Aqsy jastary» жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Акция барысында қатысушылар қоғамдық орындардағы заңсыз жазулар мен суреттерді тазалап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жастарға қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және ауданның тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.
Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.
Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.
Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.
Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.
Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.
Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.
«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Әрбір автокөліктің тарихын білуге және түпнұсқалығын растауға мүмкіндік беретін бірегей коды бар екенін білесіз бе? VIN-код көлік құралын мемлекеттік тіркеу кезіндегі негізгі сәйкестендіру белгілерінің бірі болып табылады.
Құрметті тұрғындар!
Жер және жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өтініштерді белгіленген тәртіппен рәсімдеу қажет.
Назар аударыңыз!
✅ Мемлекеттік қызметтерді:
* «Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz) арқылы;
* Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
* Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдау орындары арқылы алуға болады.
✅ Қолма-қол берілген өтініштер де арнайы мемлекеттік ақпараттық жүйеде тіркеледі.
✅ Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі мен көрсету мерзімдері мемлекеттік қызмет стандарттарында көрсетілген.
✅ Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ауылдық округ әкімдігіне жүгініп, тегін кеңес ала аласыз.
Естеріңізге саламыз!
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне негізсіз немесе мемлекеттік қызмет ретінде көрсетілуі тиіс мәселелер бойынша өтініш жолдамас бұрын, мемлекеттік қызметті белгіленген тәртіппен алуға кеңес береміз.
Уақытыңызды үнемдеңіз – мемлекеттік қызметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен алыңыз!
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
Әрқайсымыз кем дегенде бір рет құжатты шұғыл жаңарту қажет болған жағдайға тап болғанбыз.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін сіздерге қажетті ақпаратты жинақтадық.👉🏻V