Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
b.nurakhmetov@zhetysu.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы
Есеболатов ауылдық округінің әкімі
Общая информация, образование

Нұрахметов Берік Тұрсынбайұлы 1965 жылдың 9 қаңтарында Алматы облысы Ақсу ауданы Діңгек ауылында дүниеге келдім. 1972 жылы осы ауылдағы Н.Есеболатов атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып , 1982 жылы 10 сыныпты аяқтадым. «Ақсу АТП» жанындағы алты  айлық көлік  жүргізушісі курсынан кейін Діңгек совхозында автокөлік жүргізушісі  болып жұмыс атқардым. 1983-1985 жылдары совет әскері қатарындағы борышымды атқардым. 1985жылдың күзінде Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық  институтының дайындық курсына тыңдаушы, 1986 жылы аталған институттың  физика-математика факультетінің 1-курсына қабылдандым. 1991 жылы Қаз МПУ –дің  физика – информатика  пәні мұғалімі дипломын алдым. 1991-1992 жылдары аталған университеттің  жалпы  физика кафедрасында инженерлік  қызмет  атқардым.

Карьера

1992-1999 жылдары Жансүгіров кентіндегі кәсіптік училищеде информатика пәні мұғалімі, 2000-2003 жылдары Е.Сиқымов атындағы орта мектепте физика пәні мұғалімі. 2003-2005 жылдары аудандық білім бөлімінде жетекші маман, әдістемелік  кабинет меңгерушісі болдым. 2005-2008 жылдары аудандық  білім қызметкерлері кәсіподақ  кеңесінің  төрағасы. 2008 -2012 жыл аралықта Н.Есеболатов атындағы  орта  мектеп директоры. 2012 – 2019 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев атындағы мектеп гимназиясының директоры. 2019 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Н.Есеболатов ауылдық округінің әкімі қызметіндемін.  

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы