Тыл еңбеккері Еменова Ментай апамыздың өмірбаяны.
Еменова Ментай 01-қаңтар 1937 жылы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, М.Горький ауылында дүниеге келген. "Алтын Алқа" иегері 8 баладан, 21 немере, 12 шөбере сүйіп отырған ауылымыздың ардақты анасы. Талай жыл теміржол бойында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан апамыз бала тәрбиесі мен теміржолдың ауыр жұмысын бірге алып жүрді.
1943-1944 жылдары ес білгеннен шешесінің жанында жүріп егін орған.
"1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65, 70 жыл" мерекелік медалдарымен марапатталған апамыз бүгінгі күндері бала-шағасының ортасындағы бақытты әже.