"Егінсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жетісу облысы, діни басқармасының теолог маманы Е.Бөлекбаев 5-11 сынып оқушыларымен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Яғни, жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас білім алушыларға жан-жақты түсіндіру.

Кездесу
оқушылар мен теолог маман арасында еркін түрде өтті.

Теолог оқушылардын теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырып, қасиетті Рамазан айындағы ораза ұстау мәселесі қозғалып, талқыланды.

Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып аясында өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына жауап алды.