ҚР Бюджет кодексінің 91 бабына сәйкес Арасан ауылдық округінің бюджеті жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін, аудандық мәслихаттың шешімімен 2025 жылға бекітілген жоспар 47 млн 873 мың теңге. Қаражаттың 31 млн 81 мың теңге субвенциясы негізінде бөлінсе, ал 7 млн 10 мың теңге ауылдың салық түсімдері болып табылады. Оның ішінде:
2025 жылға бюджеттен барлығы 47 млн 873 мың теңге бөлінді. Бюджет 100%-ға игерілді.
1) Жергілікті өзін-өзі басқару шығындарын; - қызметкерлердің еңбек ақысы 23 млн 172 мың, теңге (оның ішінде 14 млн 988 мың теңге мемлекеттік қызметкерлер жалақысы, 8 млн 184 мың теңге тех персонал жалақысы),
2) Өзге де қорларды сатып алу үшін 775,0 мың теңге (қағаз, қалам басқада құрал жабдықтар үшін)
3) Коммуналдық қызметтерді төлеу –292 мың теңге жұмсалды.
4) Абаттандыру мен көгалдыруға – 3 млн 500 мың теңге бөлінді, Арасан ауылдық округіндегі спорт алаңын бөлшектеу және орнату жұмыстары жүргізілді-1 млн 785 мын тенге 714 тенге, 29 тиын (ИП «Алина»), тарихи ғимараттарды/ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді 485 мың 900 теңге, бюджет 100%-ға игерілді.
5) Байланыс қызметтерiне ақы төлеу үшін 134 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.
6) Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу үшін 1 млн 285 мың теңге бөлініп оның ішінде 624 мың 960 теңге жанар-жағар май материалдарын сатып алу үшін (ЧП «Абдырахманов»), 384 мың теңге көмір сатып алынды бюджет 100%-ға игерілді.
7) Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу үшін 1 млн 300 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.
8) Жолдардың жұмыс істеуін қыс мезгілінде күтіп қамтамасыз етуге 2 млн 800 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.9) Мемлекеттік органның күрделі шығындары үшін 900,0 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.
10) Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету - 1 млн 140 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.
11) Елді ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар мемлекет және техникалық қызметкерлеріне және өзге ағымдағы - 662 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.
12) Елді мекендерде көше жарығын қамтамасыз ету - 1 млн 36 мың теңге бөлініп, бюджет 100%-ға игерілді.
Арасан ауылдық округі тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға мемлекеттік бюджет есебінен округімізге бөлінген 47 млн 873 мың теңге көлеміндегі қаражат толығымен игеріліп, сапа көрсеткіші 100 пайызды құрады.