«Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бюджеттің жылдық жоспарын бекіту және бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы тиімді игеру шаралары жүргізілді. «Мемлекеттік сатып алу заңына» сәйкес жұмыстар жүргізілді, кемшіліктер орын алған жоқ. Жалпы жасалған келісім-шарттардың саны 17, оның ішінде: баға ұсынысымен 6 келісім шарт жасалды сомасы 1 989 300 тг. Бір көзден сатып алу бойынша жасалған келісім-шарттар саны 6, жалпы сомасы – 3 145 590,18 тг. құрады. Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден жасалған келісім шарт саны 5, жалпы сомасы – 3 123 013 тг.
2026 жылдың 1 тоқсанында бюджет 95 пайызға орындалды. Аталған мәселе бойынша жоғары тұрған органдардан және уәкілетті органдардан ұсынымдар болған жоқ.