Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық жер. Арасан ауылдық округінің барлық жер көлемі 37 988,01 гектарды құрайды, оның ішінде жайылымдық жерлер – 30 057,41 гектар, тәлім егістік 4283,76 гектар, суармалы 1145,8 гектар,  шабындық жерлер- 705,44  гектар, тыңайған жер 1348,6 гектар, басқа жерлер 447 гектарды құрайды.

Округта негізінен: бидай, арпа, тары, көпжылдық екпелер өседі. Дәнді дақыл өнімділік  көрсеткіші 1 га/ 17-25 цн, көпжылдық екпелер 1 га 250-350 цн тура келеді.

Биылғы жылы жалпы 1059 га жаздық бидай, 315 га арпа, 30 га тары, 230 га жүгері, 1860 га мал азығы егіліп жиналды. Биылғы ыстыққа байланысты шаруалардың біраз астығы шықпай орылмай қалды.

2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке шаруашылықтардың мал басы: 6500 бас ірі қара, 36 250  бас ұсақ мүйізді мал, 4142 бас жылқы және 2640 бас құс тіркелді.

Округте 213 шаруа қожалығы, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив, 25 жеке кәсіпкер тіркелген.

Ауылдың экономикалық мамандануы: Ауыл шаруашылығы болып табылады. Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының негізгі айналысатын кәсібі, егін егу мен мал өсіру, сонымен қатар сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін, жұмыртқаны ауыл халқына немесе базарларға жеткізіп сатады.

Көктемгі-күзгі жиын терін жұмыстарына  қолдану үшін 6 шаруа қожалығы жалпы көлемі 200 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай қорына сұраныс берді

2025 жылы округ бойынша 3 шаруа қожалығы Қаз Агро Финанс арқылы лизингпен 3 дана трактор сатып алды. Олардың жалпы инвестициялық құны 31 миллион теңгені құрайды.

 Арасан, Арасан-Қапал, Қызылжар ауылдарының мал өлексесін тастау үшін 3 бірлік жер теліміне мемлекеттік акт құжаты алынды. Бүгін күні Арасан ауылындағы мал өлексесін тастайтын қорымды салу бойынша бөлінген 847 мың теңге қаражат игеріліп қоршауы жасалды.

Аманат партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2026 жылға 11 ауыл тұрғыны 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алуға ниет білдірді.

Елді мекеннің жер қыртысы таулы, адырлы, жазықты болып келеді. Негізінен қара және қара сұр топырақты болып мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына қолайлы. Округ аумағында Биен өзені ағып өтеді, сонымен қатар 3 магистралды канал мен 5 ішкі канал орналасқан, каналдардың жалпы ұзындығы 79 километр құрайды. Олар халықтың қажеті мен ауылшаруашылығы дақылдарын суғаруға пайдаланылады.

Ауыл ауыз сумен, электр желісімен, интернетпен қамтамасыз етілген. Ауылда гранит тас өңдейтін Гранит индустрианс ЖШС жұмыс істейді. Сонымен қатар Қапал-Арасан шипажайы орналасқан. Экотуризмді дамытуға мүмкіндіктер бар.

Қызыл сызық аумағы. Ауыл тұрғындарының төрт түлік малын жаю үшін Бүгін күні 6 549 гектар алаңды алып жатқан көпшілік пайдаланатын жайылым жер қарастырыылған. онда 727 бас мүйізді ірі қара, 1250 бас қой-ешкі, 563 бас жылқы   малы  жайылады. Қордағы артық жайылым 139 гектарды құрайды.

Жерге конкурс-  2026 жылға 8 жер учаскесінің жерге орналастыру жобасы дайын, алдағы уақытта конкурсқа қойылады

 

 

 

Документы
Ақпарат
04 июля 2024
Жетісу облысы Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты
2024 жылдың ІІ тоқсанындағы ауыл шаруашылығы туралы ақпарат
Баяндама
04 июня 2024
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану, ауыл тұрғындардың жекеменшік малдарының ұрлықтан қорғауға қатысты іс-шаралардың іске асырылуын бақылау туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
События
06 августа
Профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы