Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.
«Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда ұсынылады. Ал жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін азамат тіркелген жері бойынша жүгініп, келісімшарт жасайды. Осыдан кейін жеке менеджер құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке қолдау көрсетіп, қызметті басымдықпен алуға мүмкіндік береді.
Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.
Сонымен қатар, түрлі себептермен ХҚКО-ға келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Бұл жағдайда маман алдын ала берілген өтінім бойынша келісілген уақыт пен мекенжайға барып қызмет көрсетеді. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге.
Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ғана көрсетіледі. Алайда паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматқа кірмейді.
Аталған сервис әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар мен кәсіпкерлер арасында кең сұранысқа ие. Қызметті кез келген азамат өз қалауымен пайдалана алады.
Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен «Жеке менеджердің үйіне бару» қызметін таңдап, өтінім қалдыру қажет. Сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да кеңес алып, өтінім беруге болады.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.
«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.
Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.
Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде
Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды.
Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи шешімдермен танысты.
Қолданыстағы жүйенің ауқымы делегацияға Қазақстандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру барысын іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда елде жұмыс істейтін 318 фронт-офистарында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 1330 түрі қолжетімді. Оның 1272-сі электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.
Сапар аясында делегацияға Кайдзен қағидаттары бойынша жобаланған, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары кеңейтілген заманауи «Халыққа қызмет көрсетудің цифрлық офистері», сондай-ақ азаматтарға дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік беретін постаматтар таныстырылды.
Камбоджа өкілдерінің ерекше қызығушылығын цифрлық технологиялар мен биометриялық сәйкестендіруді ұштастыратын цифрлық ХҚКО-ның жаңа форматы – AI-офистер тудырды. AI-офистер үш функционалдық аймақты қамтиды: SELF – өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы анықтамалар алуға, DIGITAL – онлайн қызметтерді рәсімдеуге және ASSIST – күрделі мәселелерді консультанттың көмегімен шешуге бағытталған.
Камбоджа Ішкі істер министрлігінің өкілдері таныстырылған цифрлық шешімдердің тиімділігі мен практикалық маңызын жоғары бағалады. Делегация мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және заманауи технологияларды енгізуге ерекше қызығушылық танытты. Қазақстанның бұл бағыттағы тәжірибесі Камбоджада мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту және жетілдіру барысында пайдалы болатынын атап өтті.
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі
қолжетімді болады
23 тамыз, Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс беру үшін сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеуге тұра алады. Бұл қызметті сайлау учаскелерінде халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді.
Дауыс беру күні еліміз бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның 221 учаскесінде ХҚКО қызметкерлері азаматтардың бір күндік тіркеуін рәсімдейді. Бұл өз кезегінде олардың сайлау құқығын жүзеге асырып, дауыс беруге қатысуына мүмкіндік береді.
Тіркеу тек дауыс беруге қатысу мақсатында бір күнге рәсімделеді. Келесі күні тіркеу автоматты түрде жойылады. Егер сайлау учаскесі мектепте, колледжде, университетте немесе басқа да мекемеде орналасса, азамат сол нысанның мекенжайы бойынша тіркеледі.
ХҚКО қызметкерлері сайлау учаскелерінде сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар өздерінің тіркелген мекенжайына сәйкес сайлау учаскесінде дауыс береді.
Сайлау учаскелерінің толық тізімімен және тиесілі учаске туралы ақпаратпен Орталық сайлау комиссиясының сайтынан онлайн режимде танысуға болады.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті. Қоғамда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек мемлекеттік органдардың емес, баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз деп ойлаймын.
Әр адам өз құқығын біліп, заң талаптарын сақтап, айналасындағыларға құрметпен қараса, қоғамымыз да қауіпсіз әрі жайлы бола түседі. Заңға құрмет – өзімізге және келешек ұрпаққа деген құрмет.
Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың маңызды қадамы!
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2025 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.04.2026 № 118 (күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және оларды құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;
4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;
7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
1) өтінім көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар келіп түскен күні оларды орындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жібереді;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды;

7) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
|
|
"Жер учаскесін жеке меншікке |
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
5 (бес) жұмыс күні. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді. |
|
|
|
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
|
|
|
|
"Жер учаскесін жеке меншікке |
|||
Нысан
|
|
__________________әкіміне |
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш
______________________________________________________________________ үшін
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
______________________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
_______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін алуға қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты
(бар болса),тегі/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
20___жылғы " "
|
|
"Жер учаскесін жеке меншікке |
Нысан
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:
__________________________________________________________________________
бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):
__________________________________________________________________________ (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы
бойынша ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші
____________________________________________________________________ (басшының қолы/электрондық цифрлық
қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20 жылғы " " ___________

Жеке куәлік пен төлқұжат алу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Қызметті тез әрі еш қиындықсыз алу үшін рәсімдеу тәртібін алдын ала білген жөн.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхат маусымына тұспа-тұс келіп, маусым айында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжат пен жеке куәлікті ХҚКО-да тез әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін нені білу қажет?
Төлқұжат рәсімдеу
Төлқұжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кез келген ХҚКО-сында рәсімдеуге болады, өйткені қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі.
Төлқұжатты алғаш рет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте төлқұжатты уақытында ауыстырмағаны немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл қарастырылмаған. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы алуға болады.
Төлқұжат рәсімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттен тұратын төлқұжатты таңдай алады. 36 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 34 600 теңге, ал 48 беттік төлқұжат үшін – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжаттың құны – 17 300 теңге.
Төлқұжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қажет болған жағдайда жеделдетілген рәсімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында төлқұжатты 1, 3 немесе 7 жұмыс күні ішінде жедел рәсімдеу мүмкіндігі бар. Облыс орталықтарында жедел рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күні, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Жеделдетілген рәсімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақыға көрсетіледі.
Балаға төлқұжат рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қажет. Өтініш берген кезде ата-анасының бірінің қатысуы міндетті
Жеке куәлік рәсімдеу
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толған кезде рәсімделеді.
Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Ал құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды.
Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.
«Заң мен тәртіп»: Ақсу ауданында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өткізілді
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Рейд барысында аудан аумағындағы рұқсат етілмеген шомылу орындары араланып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылып, ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ азаматтарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылу қажеттігі, мас күйінде және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларға ұдайы бақылау жасауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.
Адам өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіздіктің басты кепілі.