ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
1. Балалы адамдардың (отбасылардың):
1) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
2) бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала туғанда берілетін жәрдемақы);
3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты жәрдемақы);
4) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем);
5) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар);
6) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);
7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – наградталған анаға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
3. Жұмыс беруші, егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, орташа жалақыны сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасын шегере отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
4. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен балалы отбасыларға қосымша әлеуметтік көмек шаралары ұсынылуы мүмкін.
1. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларға құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдер және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар) тағайындауға негіз болып табылады.
Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оларды тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган:
бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру;
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;
бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
1. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау, жүзеге асыру, проактивті көрсетілетін қызмет арқылы оларды тағайындауға өтініш беру немесе келісім беру фактісін растайтын мәліметтерді алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған күні аяқталатын құжаттарды ұсыну;
3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) оларды тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;
4) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар тағайындауға құқығының болмауы;
5) өтініш берушінің әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
2. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар тағайындаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындауға қажетті, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің анық емес екенін анықтау;
2) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындауға қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Қор сұратып отырған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбау.
1. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алушының:
1) Мемлекеттік корпорация мен Қордан әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;
2) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;
2) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияға бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының, наградталған анаға берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін өзгертуге негіз болатын мән-жайлар туралы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Алушы бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының, наградталған анаға берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден кейін қайта қаралады;
3) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру жағдайларын қоспағанда, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе оның ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, соттың хабарсыз кетті деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайларда, төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне не оларды алу үшін негіздер сақталған кезде қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға жүргізіледі.
1. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерден, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнен 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және осы Кодекске сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
2. Әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардан атқарушылық іс жүргізу тәртібімен ұстап қалу жүргізілмейді.
3. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің артық есепке жатқызылған (төленген) сомалары алушы оларды кейіннен алған кезде оның өтініші негізінде төленуге тиіс сомалардан ұсталады.
1. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.
2. Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы:
жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап;
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды.
3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Байқоңыр қаласының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен берілген немесе Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласы аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ негізінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.
4. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді қайта есептеу үшін жүгіну мерзімдері әлеуметтік төлемдерді алу құқығы туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.
Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жүгінген күннен кейін Қорға оларды есептеуге қабылданған кезең үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, алушыға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.
6. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің сомалары әлеуметтік төлемдерді алу құқығы туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзімдері шектелместен төленеді.
1. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады және Қордың активтері есебінен төленеді.
2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша жарамдылық туралы парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.
3. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
4. Егер төлеуші уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімдерде және жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған болса, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы есепке алынбайды.
1. Бала туғанда берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген және өзінің туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар шетелдіктерге бала туған күннен бастап беріледі.
2. Бала туғанда берілетін жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Екі және одан көп бала туған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақы әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
3. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспайды.
1. Бала туғанда берілетін жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен мынадай:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
2. Бала туғанда берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
1. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда, тірі туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.
3. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар есепке алынбайды.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға тағайындалмайды.
4. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы:
1) баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейінді қоса алғанда;
2) асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар адамдарға (отбасыларға) – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық белгіленген күннен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейін;
3) қандастарға – бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады.
5. Бір жарым жасқа толмаған екі және одан көп балаға күтім жасалған жағдайда, бала күтіміне байланысты жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.
6. Бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, төлемдер баланың қайтыс болған айына қоса жүргізіледі.
7. Бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген жағдайда, бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың қайтыс болған айына қоса тағайындалады.
8. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспайды.
1. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен ай сайын мынадай:
бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
2. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
1. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және бала бір жарым жасқа толғанға дейін кері оралған, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратыны және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу оны алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
6) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыда шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
7) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі.
2. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу ақпараттық жүйелерден алынған, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің бала күтіміне байланысты жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
4) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
1. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем осы әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар және қоса алғанда бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауды жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады
Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірнеше қатысушы жасаса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.
Екі және одан көп бала туған кезде бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем әр балаға жеке тағайындалады.
2. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.
3. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау кезінде отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балаларды қоспағанда, тірі туған, асырап алған, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар, сондай-ақ қорғаншылыққа алынған балалар ескеріледі.
Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау кезеңінде отбасының құрамында ескерілмеген бала (балалар) анықталған жағдайда, Қор уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен балалардың жалпы санын ескере отырып, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу туралы шешім қабылдайды.
4. Бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген жағдайда, әлеуметтік төлем баланың қайтыс болған айына қоса тағайындалады.
5. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, сондай-ақ қайта есептеу үшін жүгіну мерзімдері бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған күннен бастап он сегіз айдан аспайды.
6. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жүгінген күннен кейін Қорға оны есептеуге қабылданған кезең үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, алушыға бала күтіміне байланысты тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері қайта есептелмейді.
7. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің сомалары әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзім шектелместен төленеді.
8. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға тағайындалмайды.
1. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады және ай сайын Қордың активтері есебінен төленеді.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.
Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,40-ті құрайды.
2. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды.
Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауға тиіс.
3. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
4. Егер төлеуші уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған болса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы есепке алынбайды.
1. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) әлеуметтік төлемді алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем кері оралған алушыға:
кеткен елінде төлем алынбаған жағдайда – төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап;
кеткен елінде төлем алынған жағдайда – кеткен елінде төлем тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
3) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
5) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындаған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
6) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының тоқтатылуын немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісінің күшіне енгенін растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы болып тағайындалған адамға төлем тоқтатыла тұрған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады;
7) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;
8) өтініш берушінің бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.
2. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем төмендегі жағдайлар туындаған ай өткен соң тоқтатыла тұрады:
1) бала (балалар) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне берілген жағдай. Бұл ретте бала (балалар) отбасына берілген күннен бастап бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем қайта басталады;
2) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-ананың ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген жағдай. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем соттың ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
3) қорғаншылар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда өз міндеттерін атқарудан босатылған немесе шеттетілген жағдай. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;
4) алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енген) жағдай. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем баланың (балалардың) заңды өкіліне осы төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық белгіленген күннен бастап, бірақ әлеуметтік төлемді тоқтата тұрған күннен кейін жүргізіледі.
3. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем осы төлемді алу құқығы сақталған жағдайда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін ақпараттық жүйелерден алынған, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
4. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мынадай негіздер бойынша:
1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, бала асырап алу туралы шешім жарамсыз деп танылған немесе оның күші жойылған ай өткен соң;
3) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;
4) бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушының бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем ол тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
1. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді, олар уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жатады.
2. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыға, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бюджеттік субсидиялар оның осы Кодекстің 248-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
3. Егер бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кірістің 10 пайызынан асатын болса, міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялау жүргізілмейді.
4. Бюджеттік субсидиялар баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жарым жасқа дейінгі балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жарым жасқа толған күнге дейін не қорғаншы (асырап алушы) осы Кодекстің 207-бабында көзделген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүргізіледі.
1. Ай сайынғы бюджеттік субсидиялардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты қайта есептелген жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидияларының мөлшері қайта есептелуге жатады.
Әлеуметтік аударымдар және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары түскен жағдайда бюджеттік субсидиялар тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте бюджеттік субсидиялар осы Кодекстің 86-бабында көзделген тәртіппен бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді тоқтата тұрумен, қайта бастаумен және тоқтатумен бір мезгілде тоқтатыла тұрады, қайта басталады және тоқтатылады.
1. Көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге беріледі.
2. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардың көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
3. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар ескеріледі.
Бұл ретте отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді.
4. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға тағайындалмайды.
5. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі. Осы Кодекстің 75-бабына сәйкес жәрдемақыны алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, оны алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы оның қайтыс болған айына қоса төленеді.
6. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақының есепке жазылған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгіну алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
7. Өтініш беруші балалардың бірге тұратын көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы тағайындауға арналған өтініште бірге тұратын балаларды көрсету арқылы өз бетінше растайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері олардың тұрғылықты жері болып танылады.
Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата-анасының біреуімен бірге тұруы сот шешімімен расталады.
8. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалардың бірге тұру фактісіне қарамастан, олар отбасы құрамында ескеріледі.
1. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай:
төрт балаға – 16,03 айлық есептік көрсеткіш;
бес балаға – 20,04 айлық есептік көрсеткіш;
алты балаға – 24,05 айлық есептік көрсеткіш;
жеті балаға – 28,06 айлық есептік көрсеткіш;
сегіз және одан көп балаға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
2. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақының мөлшері кәмелетке толмаған балалар, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар санының өзгеруіне байланысты қайта есептеледі.
Көпбалалы отбасы алатын жәрдемақының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға ықпал ететін отбасының құрамы өзгерген жағдайда, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақының мөлшерін өзгерту жәрдемақы мөлшерін өзгерту құқығы туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін жүргізіледі.
1. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы балалардың заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратыны және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу оны алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) баланың он сегіз жасқа толуы туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу:
бала жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқуын жалғастырған жағдайда, жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);
он сегіз жасқа толған бала жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түскен күннен бастап (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) қайта басталады;
6) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу балалардың заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі;
7) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыда шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
8) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу балалардың заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі.
Осы Кодекстің 75-бабына сәйкес көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыны өзгерту жағдайларын қоспағанда, оны алушы қайтыс болған жағдайда, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы оның қайтыс болған айын қоса алғанда, ал көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, оның кеткен айына қоса төленеді.
2. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу ақпараттық жүйелерден алынған, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) баланың қайтыс болуы;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланы ол он сегіз жасқа толғаннан кейін оқудан шығару;
3) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
4) өтініш берушінің көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;
6) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы негіз болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер сақталған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.
5. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
"Мемлекеттік наградалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығын пайдаланады.
2. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі.
3. Наградталған анаға берілетін жәрдемақының есепке жазылған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгіну алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай:
"Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 айлық есептік көрсеткіш;
"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
2. Наградталған анаға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күнінен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу наградталған ана қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінен босатылған күннен бастап қайта басталады;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратыны және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыда шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады.
2. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу ақпараттық жүйелерден алынған, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) өтініш берушінің наградталған анаға берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
2) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыны "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан айыру;
3) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
4) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының қайтыс болуы негіз болып табылады.
4. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.
5. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушы қайтыс болған жағдайда, ол оның қайтыс болған айына қоса төленеді.