"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне алты кандидатты тіркеді. Оның ішінде екі әйел, төрт ер адам. Бір мемлекеттік қызметкер, коммерциялық құрылымның бір өкілі, үкіметтік емес сектордың төрт өкілі. Оның ішінде саяси партияның бір өкілі", - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров.
1. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мерзімге жұмыс істеу жоспары туралы айтып берді. Бұл оның 2024 жылғы сайлауға қатысатынын білдіреді.

2. 26 қыркүйек күні «Yntymaq» тіркелмеген партиясы өзінің басшысы Мейрам Зекешұлы Қажыкенді сайлау үміткері ретінде ұсынды.

3. 30 қыркүйек күні «Ауыл» Халық Демократиялық Патриоттік партиясының XX кезектен тыс жиналысы өтті. Оның нәтижесінде партия атынан сайлауға қатысатын үміткер Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев таңдалды.

4. 01 қазан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия XIX кезектен тыс жиналысын өткізіп, 2007 жылдан бері тұңғыш рет президент сайлауына үміткер таңдады. Бұл үміткер — Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев

5. 19 қазан күні Қарақат Жақсылыққызы Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» атты Республикалық қоғамдық бірлестік атынан президент сайлауға үміткер болып тіркелді.

6. 20 ақпанда, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова президентікке үміткер болып тіркелді.
