Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылы атқарған қызметі туралы ЕСЕП

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес, 2025 жылы облыстық мәслихатпен келесі қызмет атқарылды.

4 кезекті және 5 кезектен тыс сессия өткізіліп, олардың барысында 52 жалпы оның ішінде 13 нормативтік құқықтық сипаттағы, әділет органдарында тіркеуге жататын шешімдер қабылданды.

Шешімдер
Жетісу облысы әкімдігінің ұсынымдары негізінде облыстың 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне 3 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және Жетісу облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді.
Нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, 2025 жылға арналған облыс бюджеті 658,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде: кіріс – 125,1 млрд теңге, РБ-тен трансферттер – 457,7 млрд. теңге.
2025 жылға шығыстар бойынша орындалу 646,6 млрд.теңгені (жоспарланған 658,8 млрд.теңге) немесе 98,1% құрады.

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №24-143 «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Өткен қаржы жылында бюджеттің кірістер бөлігі бекітілген жоспардан 21℅-ға артып 118 млрд. теңгені құрады-жоспар бойынша 97,8 млрд теңге.

Бұл қаражат Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104 бабына сәйкес жылдың басында бюджетті нақтылау арқылы 2025 жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталған.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілердің өтінімдерінде көрсетілген өзекті мәселелерді шешу мақсатында тиісті ұсыныстар енгізіліп, бекітілді. Олар, Денсаулық сақтау саласы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтау жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде жобалардың құрылысын қоса қаржыландыруға және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға 1,0 млрд теңге қарастырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен кредиттік тұрғын үй құрылысына 8,0 млрд теңге (13 үй-710 пәтер- Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары және Талдықорған, Текелі қалалары).

Облыс бойынша халықттың әлеуметтік осал топтары үшін жалдамалы тұрғын үй сатып алуды қоса қаржыландыруға 1,9 млрд теңге (РБ 258 пәтер сатып алуға 3,7 млрд теңге бөлінді).

Талдықорған қаласының инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру мақсатында жалпы көлемі 3,64 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы жаяу жүргіншілер аймағын, шағын аудандарының аулаларын абаттандыруға, көппәтерлі тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысын бастауға, ғимараттардың сыртқы келбетін қалыптастыруға, апатты үйлерден көшірілетін тұрғындарға 20 пәтер сатып алуға, арық желісін ағымдағы жөндеуге, қаланың сыртқы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға, сондай-ақ бірқатар негізгі көшелерге орташа жөндеу жүргізуге бағытталды.

Сонымен қатар, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялауды жалғастыруға 817,0 млн теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында Жетісу облысында адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның ережесі келісілді. Құрамына тиісті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілген, төрағасы – облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен бірге, Жетісу облысы бойынша 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы мен іс-қимыл жоспары қабылданды. Бағдарлама тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау, жасыл желектерді цифрландыру, су жүйесін орталықтандыру және экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Тұжырымдама экологиялық сананы қалыптастыру мен жауапты мінез-құлықты дамытуға арналған кешенді шараларды қамтиды.

Сондай-ақ, Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2024 жылғы жұмыстары мен әлеуметтік зерттеу қорытындылары туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің облыстық департамент басшысының баяндамасы тындалып, назарға алынды.

Келесі, облыста  төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы мәселе.

Облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шаралар туралы есепті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсынды. Баяндамаға сәйкес, 2024 жылы су тасқынына дайындық шеңберінде 1,4 млрд теңгеге 34 іс-шара өткізілді, ал 2025 жылға 1,9 млрд теңге бөлініп, ірі өзендер мен каналдарда қауіпсіздік жұмыстары жүргізілді. Өрттің алдын алу мақсатында 500 мыңнан астам адам оқытылып, 270 мыңнан аса ақпараттық материал таратылып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде өрт қауіпсіздігі тақырыбында 12 мыңнан астам материал жарияланды. Улы газ бен түтіннің қауіпті концентрациясын анықтау датчиктерін орнату және жаңарту мақсатында 868 датчик сатып алынды.

Облыста сейсмикалық қауіптің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, 2023–2025 жылдары 37 әлеуметтік нысанға сейсмикалық күшейту жүргізу үшін 24 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Сейсмикалық станциялар желісі кеңейіп, облыс аумағын картаға түсіру жұмыстары жүргізілуде. Халықты жедел құлақтандыру мақсатында облыс аумағында 380 құлақтандыру құрылғысымен қамтамасыз етілген.

Жетісу облысын газдандыру бағдарламасының іске асырылуы туралы. Газдандыру бағдарламасы аясында  облысымызда газдандыру деңгейі 67,2%-ды құрап, 110 елді мекенде 467,0 мың адам газбен қамтылды. 2024 жылы 45 жобаны іске асыру үшін 7,9 млрд теңге және жаңа 24 жобаны іске асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді.  

Газдандырудың екінші кезеңі аясында Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын қамтитын «Талдықорған–Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды (құны – 124,8 млрд теңге (игерілді), оның ішінде 2024 жылы 82 млрд. теңге, 2025 жылы 42,8 млрд теңге)  Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен осы аудандардағы 66 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен бірге, Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына, облысы әкімдігінің дербес құрамына, Жетісу облысы жер комиссиясының құрамына және комиссия туралы Ережесіне өзгерістер енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің жұмыс жоспарына өз тарапымыздан мемлекеттік аудит объектілері енгізілді (    «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚМКК, «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығы» ШЖҚМКК, «Жетісу облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы проблемаларды зерттеу және оңалту орталығы» КММ, «Жетісу облысы мәслихатының аппараты» ММ).

Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлемақының түзету коэффициенттері бекітілді. Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы бұрынғы шешімнің күші жойылды (№11-65-15.12.2023 жылғы).

Жетісу облысының қаржы басқармасының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есебі мақұлданып, бюджеттің кірістері, шығындары мен трансферттері облыстық мәслихат шешімімен бекітілді. Ортақ су пайдалану ережелері жаңадан бекітіліп, бұрынғы шешімнің күші жойылды (№14-82-14.02.2024 жылғы).

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, Жетісу облысының Панфилов ауданында көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту мақсатында газдағы автономды блокты-модульді қазандықтарды салу және оларға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 6 жоба бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданды.

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 мамырдағы №314 қаулысына сәйкес облысқа республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге нысаналы трансферт бөлінді, оның ішінде даму трансферттері – 2,0 млрд теңге, ал ағымдағы трансферттер – 54,2 млн теңгеге қысқартылды. Сонымен қатар, жалпы сипаттағы трансферттер көлемі 10%-ға қысқартылып, облыс бойынша 38,6 млрд теңге көлемінде белгіленді. Осыған байланысты облыстық және аудандық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары жалпы 28,1 млрд теңгеге қысқартылды (облыстық деңгей – 24,4 млрд теңге; аудандық деңгей – 3,7 млрд теңге).  Бюджеттік тапшылықтың орнын толтыру және негізгі әлеуметтік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында облыс меншік кірістерін 10,5 млрд теңгеге ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыстың ішкі резервтерін және кірістерін тиімді пайдалану арқылы, Мәдениет, Спорт, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және Инфрақұрылымды дамыту бойынша шұғыл шешуді талап ететін маңызды міндеттер қаржыланды (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -2,2 млрд теңге,  мәдениет және спорт саласына-725,5 млн теңге, Газ тарату желілерін салу мақсатында 4,8 млрд теңге, Мемлекеттік қажеттіліктер үшін Кербұлақ ауданы Жайнак Батыр ауылында орналасқан, жер учаскелерін (98 га) сот шешімінің негізінде жеке тұлғалардан мәжбүрлі түрде алу үшін төлем жасауға  64,3 млн. Теңге, Текелі қаласындағы Қонаев көшесін жөндеу (12 шақырым) жұмыстарына 340,8 млн теңге.  Жалпы шығыстар 1,6 млрд теңге: «Жетісу ирригация» ЖШҚ МКК жарғылық капиталын ұлғайту: 19,4 млн теңге, «Жетісу ӘКК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту (Ақсу қант зауытының 51% үлесін сатып алу) 1,6 млрд.теңге).

Сонымен бірге, «Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының атқарылуы туралы» облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Дауталиновтың есебі бекітілді.

Бұдан әрі, Талдықорған қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасы мақұлданды.

Талдықорған қаласының Бас жоспарына енгізілген түзету қаланың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік даму үдерістерін жоспарлауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және орнықты дамудың жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс орталығы ретінде Талдықорғанның инженерлік, көліктік және туристік инфрақұрылымын дамытудың негізгі басымдықтары айқындалды.

Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексiнің» 139-бабының 9-тармағына сәйкес, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi келісілді.

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлыққа сәйкес, облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі туралы есеп берді.

Сонымен қатар, Жетісу облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Қуат Оспанов 2024–2025 жылдары атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Полиция қызметінің бағыттары бойынша атқарылған шаралар назарға алынып, тиісті ұсыныстар енгізілді.

Жетісу облысындағы туристік саланың жай-күйі мен даму перспективалары туралы мәселе бойынша Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлының есепті баяндамасы назарға алынып, тиісті ұсыныстар енгізілді (Ұсыныстар: ішкі және кірме туризмді дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламаны әзірлеу, оған заманауи туристік инфрақұрылымды қалыптастыру шараларын енгізу; Жетісу туристік маршруттарын республикалық және халықаралық деңгейде ілгерілету жұмыстарын ұйымдастыру; туризм саласына жеке инвестицияларды тарту; өңірдің туристік бренді ретінде мәдени іс-шараларды, фестивальдер мен спорттық жарыстарды танымал ету жұмыстарын күшейту; туризмді дамыту мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.)

Сондай-ақ,     Қазақстан Республикасы Президентінің «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығының Жетісу облысында орындалу барысы туралы мәселе қаралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялауына орай, Жетісу облысында кадр даярлау, кәсіби бағдар және жұмыспен қамту бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда («Еңбек жолы» республикалық конкурсы өткізілді; 5983 мектеп түлегіне кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді  («Мансап компасы» платформасы арқылы 105 мектеп қамтылды), 15 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 17 «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, 300-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 892 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды, 11 колледжде 14 жаңа мамандық ашу үшін 488 млн теңге бөлінді, 14 мемлекеттік колледжде дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, 3324 студент қамтылды).

Бұл шаралар өңірдегі жұмысшы кадрларға деген сұранысты өтеу, жастардың техникалық және кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында жүйелі түрде іске асырылуда.

Күн тәртібіндегі Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 3-25 «Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі депутаттардың қарауына енгізіліп күші жойылды.

Сонымен бірге, Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі  «Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №16-14а шешіміне өзгерістер енгізілді.

Бәрімізге белгілі, ҚР Президенттің Жолдауы аясында туризм саласын дамыту мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, бұл бағытта біздің тарапымыздан да бірнеше рет сұраныстар жолданған болатын. Осыған орай, ағымдағы жылдың 10 қазанында Жетісу облысының басқару құрылымы бекітіліп, оның құрамына Туризм басқармасы енгізілді.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы жерде, жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша кірістердің орындалмауына байланысты бюджет 3,8 млрд теңгеге секвестрленеді, үнемделген және игерілмей қалу қаупі бар қаражаттар қайта бөлінді (ЖАО-ны ұстау (туризм басқармасы) — 20,7 млн тг., Қорғаныс пен қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікке 859,6 млн тг.,  Әлеуметтік саласына 1998,7 млрд теңге, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары 1 млрд тг, Көлік және коммуникация 1,8 млрд теңге, Мәдениет, спорт, туризм 147,1 млн теңге, Өңірлік тұрақтандыру қорларын толықтыру — 1,5 млрд тг.,  Отын-энергетика кешені 553,4 млн тг.).

Сонымен бірге, Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №6-14 шешіміне өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, Жетісу облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің №93 бұйрығымен бекітілген әдістеменің 2025 жылғы 1 желтоқсанда өзектендірілуіне сәйкес Жетісу облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары әзірленді. Даму жоспары барлық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды, аудан және қалаға дейін декомпозицияланған инвестициялық жоспарды, сондай-ақ басым және проблемалық аймақтардың картасын қамтиды.

Жоспар 5 негізгі бағыт бойынша әзірленді: «Экономиканың берік іргетасы», «Өсудің жаңа нүктелері», «Өмірдің жоғары сапасы», «Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі» және «Өзге де мақсаттар». Жалпы 30 мақсат, 23 нысаналы индикатор, 38 міндет және 66 нәтиже көрсеткіші көзделген.

Жоспар ҚР Президентінің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарымен сәйкестендірілген. 39 негізгі ұлттық индикатордың 28-і облыстың даму жоспарында қамтылды. Жоспарды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға дейін экономиканың нақты өсуі 6,7%-ға жетіп, облысқа 4,6 трлн теңге инвестиция тарту, 80 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейін төмендету көзделген.

Сонымен қатар, шамамен 2 млн шаршы метр тұрғын үй салу (2024 жылы 371,9 мың ш.м.), халықты 100% ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету (2024 ж.ауыз су-99,7%, газ-32,8% немесе 393 мың адам), жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 99% жетеді (2024ж.-94%). Білім беру (7690 орындық 24 мектеп салу және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылысы мен 550 орындық 2 интернатты қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады), денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған.

Келесі, облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы мәселе. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері облыстық мәслихаттың шешімімен үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді.

Жетісу облысына республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялар көлемі: 2026 жыл – 381,9 млрд теңге, 2027 жыл – 403,6 млрд теңге, 2028 жыл – 446,8 млрд теңге.

Трансферттердің бөлінуі:

Бюджеттік субвенциялар: 2026 – 2,62 трлн теңге, 2027 – 3,99 трлн теңге, 2028 – 5,38 трлн теңге.

Бюджеттік қайтарымдар: 2026 – 29,92 трлн теңге, 2027 – 28,01 трлн теңге, 2028 – 28,15 трлн теңге.

Осылайша, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасындағы трансферттердің жаңа үш жылдық кезеңге сәйкес көлемдері айқындалды.

Жетісу облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы. 2026–2028 жылдарға арналған облыс бюджеті 1,7 трлн. теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде 2026 жылдың бюджеті 556,1 млрд. теңгені құрайды. Облыс бюджеті жалпы алғанда 58%-ға әлеуметтік бағытталғанын. 2026 жылы маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салуды аяқтау және жалғастыруға қаражат қарастырылған, оның ішінде: Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің оқу корпусын салу, 500 қабылдауға арналған емхананың құрылысын жүргізу және Талдықорған қаласындағы оңалту орталығының құрылысын жалғастыру.

2026 жылы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасады. Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында қуаты 49 Гкал. болатын қазандықтың құрылысы аяқталып, оған жылу желілері тартылатын болады, сондай-ақ «Береке» коттедж қалашығындағы қазандықтың құрылысы жүргізіледі.

Туризм саласында 2026 жылы Балқаш көлінің туристік-сауықтыру аймағында инженерлік желілерді салу және Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстары жалғасады. Балқаш көлінде үш коммуналдық жағажай салу жоспарланған. Сонымен қатар, Бұрхан-Бұлақ сарқырамасына баратын жолдың қайта құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Арнайы атап өтілгендей, елеулі қаражат әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй сатып алуға бағытталды.

Сонымен қатар, Жетісу облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерлерін бекіту туралы мәселе қаралды.

1 текше метр ауыз су үшін төлемақы мөлшері облыс бойынша орташа тариф негізінде 120 теңге 16 тиын болып айқындалды. Субсидия көлемі уәкілетті орган бекіткен тариф пен халық үшін белгіленген төлемақы арасындағы айырма ретінде есептелді. Субсидиялау Текелі және Сарқан қалаларын, Көпбірлік ауылын және Қаратал ауданының Қарақұм ауылын қамтиды.

Тұрақты комиссиялар
Жетісу облыстық мәслихатында 5 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Есепті кезеңде облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірқатар жұмыстар атқарылды.

Айта кету керек, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен 2025 жылы бейінді тұрақты комиссиялардың барлық отырыстары кеңейтілген форматта өтті. 2025 жылы тұрақты комиссиялардың 30 отырысы өткізіліп, онда 75 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 115 ұсыным қабылданды. Оның 46 іс жүзінде орындалды, 13 ұсыныс назарға алу үші берілді, 4 ұсыныс 2025 жылға өтпелі, 52 ұсыныс мемлекеттік органдарда орындалуда.

Тұрақты комиссиялардың ұсынымдарын іске асыру мәселесі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен отырыстарда тұрақты қаралады және әр комиссиялар төрағаларының ұдайы бақылауында болады.

Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы төрағалар өздері жеке есеп береді.

Депутаттық сауал:
Депутаттық сауал бұл депутаттардың өздерінің өкілеттіктерін іске асыруының маңызды тетіктерінің бірі.

Депутаттық саулдың мақсаты қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешуге ықпал ету және халық мүддесін қорғау болып табылады.

Осы ретте депутаттарымыз азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарап, өз құзыреті шеңберінде көтерілген мәселелерді шешуге көмек көрсетіп, ресми сұраулар мен өтініштер жолдау арқылы мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізді.

Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 227 депутаттық сауал  жолданды, олардың ішінде әлеуметтік сала бойынша (69),  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (64), ауылшаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, ветеринария, жер қатынастар (25), индустриялық-инновациялық мәселелер (36), құқықтық тәртіп (11),  және оның 65 жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді талап ететін сауалдар болды. Мемлекеттік органдарға жолданған барлық депутаттық сауалдар уақытымен қаралып, тиісті шаралар қабылданғандығын атап өткен орынды, мәселен осы сауалдар негізінде 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде қаражат талап ететін 20 депутаттық сауал оң шешімін тапты. 

Шешімін тапқан бірнеше мәселені айтып кетейін, олар: Талдықорған қаласында орналасқан Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы сатып алынған медициналық бұйымдарды төлеуге, медициналық жабдықтарды жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 665,0 млн.теңге қарастырылды, сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп – интернаты жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 82,0 млн теңге. Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебіндегі блокті модульді қазандық салу мәселесі оңтайлы шешілді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы «Шайқорған» тұрғын-үй массивіндегі Атамұра, Астана, Ақберген, Қойлык көшелерін орташа жөндеуге 138,6 млн.теңге қарастырылды, Панфилов ауданы бойынша гемодиализ алатын 86 адамға жергілікті бюджеттен қаражат бөліп инватакси алушылар санатын кеңейтіп тасымалдау қызметіне қосу мәселесіде оңтайлы шешілді, бүгінге инватакси қызметін алушылар санаты кеңейтіліп гемодиализ алушылар қосылды, сондай-ақ гемодиализ алушыларға 3 машина берілді (Инватакси қызметіне ағымдағы жылы 282,3 млн.теңге қарастырылған).

Бұдан басқа, көптен көтеріліп жүрген мәселелердің бірі Көксу ауданы Лабасы ауылдық округі Еңбекшіқазақ ауылында, Тентек-Қарабұлақ теміржол аралығының 35 шақырымындағы ПК-2 жабық өткелін тұрақты негізде ашу мәселесі. Аталған мәселені шешу мақсатында Тұрақты комиссияның жоспрадан тыс отырысын өткізіп, нәтижесінде Тентек-Қарабұлақ теміржол аралығының 35 шақырымындағы ПК-2 өткелін егін жинау және егін егу науқаны кезінде 3 айға ашу мәселесі шешілді. Алайда шаруа қожалықтарының өтініштері өткелді тұрақты негізде ашу болған. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз.

Депутаттардың мониторинг жұмыстарын жүргізу туралы.
Мониторинг жұмыстарын жүргізу, бұл халықтың мүддесін қорғаудың тікелей тәсілі, яғни мемлекеттік органдардың ашықтығын арттырады.

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау, іске асырылуын бақылау және мониторинг жүргізу – депутаттардың күнделікті жұмыстарының бірі.

Жыл басынан бері депутаттар тарапынан 587 объектіге мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған мониторинг барысында әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымдық жобалардың және халыққа қызмет көрсету сапасының жай-күйі зерделенді.

Облыстық мәслихат депутаттары үнемі салынып жатқан нысандардың құрылысын қадағалап, жолдардың сапасын бақылап, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуын басталған күннен бері назарда ұстап келеді. Сондай-ақ, осы жылдың тамыз айында облысы аумағында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша мониторинг жұмыстарын 315 мектептен 68 мектепке жүргізді.

Бұл жердегі мониторингтің мақсаты – мектептердің жаңа оқу жылын сапалы әрі қауіпсіз жағдайда бастау үшін қажетті материалдық-техникалық басқа да тиісті жағдайлардың қамтамасыз етілуін бағалау, яғни өрт қауіпсіздігі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған санитарлық тораптардың қолжетімділігі және мектеп асханаларының жағдайы. 

Мониторинг нәтижесінде бірнеше білім беру ұйымдарында кемшіліктер анықталып, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, жаңа мектеп құрлысы қажеттілігі анықталды. Анықталған кемшіліктерді талқылау мақсатында мәслихаттың әлеуметтік саланы жетекшілік ететін тұрақты комиссияның отырысын ұйымдастырып, тиісті басқарма басшыларының есептерін тыңдап, анықталған кемшіліктер бойынша талап-тілектерімізді білдірдік, сондай-ақ анықтаманы осы саланы жетекшілік ететін облыс әкіміне анықтама жолданды. Бұл мәселеде депутаттардың бақылауында.

БАҚ:
Облыстық мәслихат қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету жұмыстары

Бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматтың өмірінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Осыған байланысты облыстық мәслихаттың қызметі туралы халықты жан-жақты және уақтылы ақпараттандыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде облыстық мәслихаттың Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде "Жетісу облыстық мәслихаты" ресми парақшалары жұмыс істейді. Онда өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары, жұмыс сапарлары мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға жасалған іссапарлар туралы мәліметтер тұрақты түрде жарияланып отырады.

Депутаттар да өз қызметінде әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып келеді. Бұл сайлаушыларға барлық іс-шаралармен жедел режимде танысуға, пікір қалдыруға, ұсыныс білдіруге және өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді.

2026 жылғы есепті кезеңде депутаттар әлеуметтік желілерде жалпы саны 3090 жазба жариялаған. Оның ішінде 1055 жазба тікелей депутаттық қызметке қатысты ақпараттық материалдардан құралған.

Мәслихат Регламентіне сәйкес, сессиялардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Facebook және Instagram желілерінде 9 сессия мен 30 тұрақты комиссия отырысы тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, барлық сессиялар облыстық телеарна арқылы міндетті түрде трансляцияланды.

Қоғамдық қабылдаулар:
Есепті кезеңде облыстық мәслихат депутаттарының халықпен байланысын нығайтуға және азаматтардың өтініш-тілектерін зерделеуге бағытталған жүйелі жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаттары 212 қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдаулар барысында барлығы 427 азамат қабылданып, олардың көтерген әлеуметтік-экономикалық, коммуналдық, тұрғын үй, жұмыспен қамту және өзге де мәселелері жан-жақты қаралды.

Қабылдаулардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен тиісті мекемелердің атына 41 депутаттық сауал жолданды. Аталған сауалдар өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жолданған депутаттық сауалдардың 21-і орындалып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. 312 оңтайлы түрде шешілді, оның ішінде 78 демеушілік көмек, ақпараттық-кеңестік көмек 186, 6- азық – түлікпен қамтамасыз ету мәселесі,  21 жұмысқа орналыстыру, қалған 20 мәселе орындалу барысында.

Әліде халықты тұрғын үй және жермен қамтамасыз ету, мүгедектер құқықтарын қорғау, аз қамтамасыз етілген халық топтарына әлеуметтік көмек жасау, жұмыспен қамту мәселелері қаралып, сайлаушылар мүдделерінің орындалуына бағытталған шаралар іске асырылады.

РҚБ
Республикалық деңгейде қызмет атқаратын «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын біріктіруді, олардың кәсіби әлеуетін дамыту мен арттыруды, мәслихаттар қызметіне жүйелі ақпараттық қолдау көрсетуді, сондай-ақ тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды негізгі мақсат етіп қойған.

Аталған мақсаттарды іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 30 мамырында қоғамдық бірлестіктің іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында мәслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылып, жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге бағытталған бірқатар өзекті тақырыптар талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар заң шығару үдерісіндегі өзара іс-қимылды жетілдіру, депутаттық корпустың кәсіби деңгейін арттыру және жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге бағытталған жаңа ұсыныстарды ортаға салды. Аталған ұсыныстар алдағы уақытта бірлескен жұмысты жүйелеуге және мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға негіз болады. (күн тәртібінде: Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің қызметі туралы есеп және ҚР Парламенті Сенатының жанындағы  мәслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінің кеңейтілген  отырысында айтылған ұсыныстарды іске асыру тетіктері туралы.).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес тұрақты негізде жұмыс істейді. Аталған алаң жергілікті өкілді органдардың өзекті мәселелерін ескеруге, сондай-ақ олардың заң шығару үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті облыстық мәслихаттың бейіндік комиссиясымен бірлескен отырыс өткізді. Бірлескен отырыс барысында әлеуметтік-мәдени даму, білім, ғылым және өңірлік саясат салаларындағы бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар енгізілді:

мәслихаттар тарапынан заң жобаларын әзірлеу және талқылау үдерісіне қатысуды күшейту;

өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді ескере отырып, қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

мәслихат депутаттарының бастамаларын Сенат деңгейінде қарау тетіктерін жетілдіру;

жергілікті өкілді органдар мен Парламент арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жүйелеу;

Аталған ұсыныстар заң шығару қызметіндегі өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және мәслихаттардың рөлін күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ мәслихат тарапынан 2025 жылы әр сала бойынша   29 ұсыныстар жолданды: оның ішінде: ветеринария саласы 5, ауылшаруашылық саласы 5, әлеуметтік саласы 6, құқық қорғау саласы 3, кәсіпкерлік саласы 3, құрылыс саласы 3, мемлекеттік сатып алу бойынша 1, өзге де 3.

Осы жолданған ұсыныстардың ішінде шешімін тапқан ветерианария саласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру жұмыстары жергілікті атқару органдардың құзыретіне кіретін болды (ол облыстық ветеринария басқармасының құзырында болған болатын), ол өзгеріс 2026 жылдың қаңтар айында күшіне енбек.

Қайырылымдық шаралар
Есепті кезеңде облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен қайырымдылық және демеушілік бағыттағы бірқатар іс-шаралар мен акциялар өткізілді. Аталған іс-шаралар аясында жалпы сомасы 34 175 000 теңге көлемінде қаржылай және материалдық көмек көрсетіліп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау жасалды.

Мысалы: «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында депутаттар 214 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек алып беріп, көмек көрсетті.

Аппарат
Ағымдағы кезеңде облыстық мәслихат аппаратымен жеке және заңды тұлғалардан 136 өтініш қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан 100, заңды тұлғалардан 36. Бұқаралық-ақпартат мәселесі бойынша 10 өтініш, Қоғамдық кеңес бойынша мәселе 5, Мемлекетті сатып алу бойынша 2 өтініш, Әлеуметтік мәселесі бойынша 13 өтініш, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша 5 өтініш,  оқыту мәселесі бойынша 7  өтініш, Өзгеде мәселелер бойынша 94 өтініш.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 25 оң шешілді  52 түсініктемелер берілді, 50 құзыреті мемлекеттік органдарға  жолданды, 9 кері қайтарылған өтініштер (Заңға сәйкес құжаттары толық емес).

Дата публикации
12 февраля 2026