Жетісу облыстық мәслихатының
кезекті ХXXІV сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXХІV сессиясының күн тәртібі келесі редакцияда бекітілсін:
- Жетісу облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы.
- «Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-178 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы
- Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 20-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы «Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 10-22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының 2025 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмысының есебі туралы.
- Жетісу облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылғы қызметтері туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Облыстық мәслихат төрағасының м.а. Р.Салықова