Жетісу облыстық мәслихатының
кезекті XXХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXХ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін:
- Жетісу облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін бекіту туралы.
- Жетісу облыстық полиция Департаментінің 2024-2025 жылдарда атқарған жұмыстары туралы.
- Жетісу облысындағы туристік саланың жай-күйі мен даму перспективалары туралы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығының Жетісу облысында орындалу барысы туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 3-25 «Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі «Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №16-14а шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Г.Тойлыбаева