Жетісу облыстық мәслихатының
кезектен тыс XXІХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXІХ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін:
- Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау туралы.
- Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Г.Тойлыбаева