Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXVІІІ сессиясы

Жетісу облыстық мәслихатының

кезекті XXVІІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12 тармағына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXVІІІ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін: 

  1. Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының атқарылуы туралы.
  2. Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 24-143 «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Жетісу облысы Панфилов ауданының көппәтерлі тұрғын үйлерін жылумен жабдықтау үшін газдағы автономды блокты-модульді қазандықтарды салу және оларға сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің алты жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.
  4. Жетісу облысының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы.
  5. Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.
  6. Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы №14-82 «Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  7. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы.
  8. Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 20-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы «Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 10-22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Облыстық мәслихаттың төрағасы                               Г.Тойлыбаева

Дата публикации
28 мая 2025