Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVІІ сессиясы

Жетісу облыстық мәслихатының

кезектен тыс XXVІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12 тармағына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVІІ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін: 

  1. Талдықорған қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
  2. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №11-66 «Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  3. «Жетісу облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 10-62 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Облыстық мәслихаттың төрағасы                               Г.Тойлыбаева

Дата публикации
14 августа 2025