Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстар туралы
ақпарат
(2024 жылдың қорытындысы бойынша)
2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткізілді, отырыста 15 мәселе қаралды (1. Сібір жаралы жерлеу саласындағы кемшіліктерді жою бойынша қабылдаған шаралар туралы, 2. Сәулет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 3. Экология (ҚТҚ) саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 4. Проблемалық құрылыс объектілерін аяқтау мәселесі туралы, 5. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 6. Бизнеске гранттар беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 7. Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде жылу электр станцияларын ұстауға, жөндеуге, реконструкциялауға және салуға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау мен жұмсауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданатын шаралар туралы, 8. Су тасқынына қарсы іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мәселесі туралы, 9. Маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мәселесі туралы, 10. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 11. Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 12. Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлер қорын жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданатын шаралар туралы, 13. Жол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 14. Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы, 15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2024 жылғы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы туралы).
Отырыс қорытындысы бойынша 63 хаттамалық шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға орындауға жіберілді.
Сондай-ақ, аудандық және қалалық әкімдіктерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары тоқсан сайын өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың төртінші тобы аясындағы қамтамасыз етілуде.
Мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Облыс әкімі аппараты басшысымен 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітіліп, барлық мемлекеттік органдарға, аудан, қала әкімдеріне жолданды.
Кестеге сәйкес 2024 жылы 137 ұйымдардың (облыстық басқармалар, аудандық деңгейдегі әкімдіктердің және квазимемлекеттік сектор субъектлері) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілу жоспарланып, барлық ұйымдармен толығымен аяқталды.
Ішкі талдау нәтижелері бойынша 427 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 422 тәуекелдер жойылды, 4 өзектілігін жоғалтқан, 1 орындалмаған.
Облыс әкімдігінің сайтында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» бөлімі құрылып, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және оған ұшыраған лауазымдар тізбесі уақтылы өзектендіріліп тұрады.
113 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырудан өтті (жоспар бойынша 2024 жылы 91 қызметші өтуі тиіс).
Бұл саланың өзектілігі мен ауқымдылығын ескере келе облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі де аталған мәселе бойынша профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысуда.
Жыл басынан Әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселесі бойынша 309 түсіндіру және оқыту шаралары өткізілді.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдығуы мүмкін лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі түрде профилактикалық жұмыс жүргізілуде.
Осылайша, бірінші жартыжылдықта Әдеп жөніндегі уәкілдермен 677 қызметшімен профилактикалық кездесулер өткізілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес өткен кезеңде 709 құқықтық насихаттау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Квазимемлекеттік сектордың 70 субъектісінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасы шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.
Барлық 70 субъектілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттамалар бекітілген (сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары, нұсқаулық, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексі).
Ақпараттық насихаттың маңыздылығын ескере отырып, облысымыздың барлық мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өз ұжым қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде ұйымдастырылып тұрады. Атқарылған шаралар туралы ақпарат ресми сайттарда, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып тұрады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.
______________________________________________________