Жетісу облыстық мәслихатының
кезекті XXVІ сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ
Талдықорған қаласы 28 наурыз 2025 жыл
Сағат 10-00
- Жетісу облысының өңірлік нышанын бекіту туралы.
- Жетісу облысы Панфилов ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгертулер туралы.
- Облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы (табиғи және техногендік қауіптердің, оның ішінде су тасқыны, өрт және жер сілкіністерінің алдын алу және жою.).
- Жетісу облысын газдандыру бағдарламасын іске асыру туралы («Жетісу облысын 2030 жылға дейінгі кешенді газдандыру» өңірлік схемасы).
- Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 20-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы «Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 10-22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8-20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің жұмыс жоспарына (тізбесіне) мемлекеттік аудит объектілерін енгізу туралы.