Талдау

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттары 2024 жылы әртүрлі органдарға 231 депутаттық сауал жолдап, оның ішінде 45 қаражат бөлуге талап еткен депутаттық сауалдардың ішінде 50 мәселелер көтеріліп, кестеде көрсетілген 27 мәселелер толығымен шешілді.

№ Денсаулық сақтау Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Білім Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Спорт «Жетісу жастары» атты бағдарлама
1 Перинаталдық орталықтың «Ұрықты қорғау орталығын» заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін
цитогенетика бойынша бағдарламалық модульді сатып алуға қаражат бөлінді.
Талдықорған қаласы Жастар-1 шағын ауданы Біржан сал көшесінде электр жарығын орнатуға бюджет қарастырылды. Панфилов ауданы, «Айдарлы орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджет қарастырылды. Үштөбе қаласы Айту би көшесін орташа жөндеуге  бюджет қарастырылды. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің»  жүзу бассейінің
ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджет қарастырылды.
Жетісу жастарын қолдау мақсатында Жерұйық және Маман бағдарламалары бойынша
қаражат бөлінді
2 Ақсу ауданы, Матай ауылында дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2025 жылға бюджет жобасында қаражат қарастырылды. Талдықорған қаласы Алмалы ауданы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру жүргізілді. Кемшіліктер жойылды. Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты Сарытөбе ауылындағы  Сарытөбе орта мектептің ескіруіне байланысты жаңа мектеп салуға 2025 жылға ЖСҚ әзірлеуге
қаражат бөлінді.
2025 жылдың бюджет жобасында Қарабұлақ ауылының Бейсеуов көшесін орташа жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді    
3 Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында коммуналдық қызметтер үшін кредиторлық берешекті өтеуге қосымша қаражат бөлінді. 2025 жылдың бюджет жобасында Талдықорған қаласының Батыс тұрғын аймағының көше жарық шамдарын орнатуға       бюджеттен қаражат бөлу қарастырылды. Көксу ауданы Жарлыөзек ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2025 жылға арналған бюджет жобасында
қаражат қарастырылды.
2025 жылдың бюджет жобасында Алакөл ауданы "Қабанбай-Лепсі" 0-41,5 шақырым жолын  орташа жөндеуге (Теректі-Тоқжайлау) қаражат қарастырылды.    
4 Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің орталығының З. Тамшыбай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге үшін2025 жылға арналған бюджет жобасында қаражат қарастырылды. Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылдық округі, Бөрібай би ауылында Қожбанбет би атындағы және Затбек көшелерін жарықтандыру үшін Сарыөзек-Көктал трассасының ремонтың жасап жатқан мердігер компания спонсорлық көмегін көрсетеді. Ақсу ауданы, Матай ауылында «Кәусар бөбек жай» балабақшасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2025 жылға арналған бюджет жобасында
қаражат қарастырылды
Талдықорған қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Солтүстік-батыс тұрғын ауданында жол салу жобасын іске асыруға қаражат бөлінді.    
5   Текелі қаласына қарасты
Рудничный ауылының 400 метр 0,4 кВ ӘЖ оқшауланған сымдары ауыстырылып, 33 дана ТБ-95 бағаналары ауыстырылды. Ағымдағы жылы «Сарыөзек» АЖЭ қызметкерлерімен Рудничный ауылындағы №130 қосалқы станциясынан шығатын №7 және №1 10 кВ 25,31 км ӘЖ, 0,4 кВ 21,69 км ӘЖ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Панфилов ауданында орналасқан «Жаркент жоғары педагогикалық колледжі» жатақханасын жабдықтандыру үшін
қаражат бөлінді.
2025 жылға Алакөл ауданы, Ушарал қаласы, М.Мәметова көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылды    
6   Бақтыбай ауылындағы арыққа арналған құбырлар орнату жұмыстары жасалынады. Ақсу ауданы Бобек» балабақшасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2025 жылға арналған бюджет жобасында
қаражат қарастырылды
     
7   2024 жылға Панфилов ауданы Көктал ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу жобасына қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жыл соңында аяқталып, қолданысқа берілді. Ақсу ауданы Көлтабан ауылындағы 120 орындық  орта мектептің құрылысына Оқу-ағарту министрлігінің білім беру инфрақұрылымын қолдау Қорынан қаржыландыруға 2025 жылға
қаражат қарастырылды
     
8   Панфилов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 8-21-95 шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттен Көктал ауылындағы орталық саябаққа  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қаражат бөлініп толығымен аяқталды.        
9   Панфилов ауданы, Басқұншы ауылдық округі, Басқұншы ауылын және Сарыбел ауылдық округіндегі - Садыр, Сарыбел, Тұрпан ауылдарын газбен қамтамасыз ету мақсатында
2025 жылға арналған бюджет жобасында қаражат бөлінді
       
Дата публикации
09 апреля 2025