Жетісу облыстық мәслихатының тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың регламентіне, перспективалық және комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде комиссияның 6 отырысы өткізілді, оның ішінде 2 отырыс бірлескен. Комиссия отырысында 14 мәселе қаралып, нәтижесінде 21 ұсыныс енгізілді.
2024 жылы комиссия отырыстарында келесі мәселелер қаралды: Жетісу облысы бойынша қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандыру, газдандыру, су жүйесі, кәріз жүйесі және жолдар мен көшелерді электр жүйесімен жарықтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы; «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру туралы; Әлеуметтік, тұрғын үй нысандардың құрылыс жұмыстарының іске асырылу барысы туралы; Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2024 жылы атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы; 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық туралы; Жетісу облысы бойынша жылу желілерінің (қазандықтардың) жай-күйі туралы; Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысы туралы; облыстың жаңартылатын энергия көздерін дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы; облыстағы жүргізіліп жатқан және жоспарланған құрылыс нысандарының сапасы туралы; Жетісу облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларын бекіту туралы; Жетісу облысында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы;
Жетісу облысында объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру туралы; Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмысы туралы.
Тұрақты комиссия отырыстарында беріліп, орындалған ұсыныстар:
апатты жағдайда болуына байланысты, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда ауыл тұрғындары тұрақты электр желісімен қамтылды.
Облыстық мәслихат төрағасы мен комиссия мүшелері бірлесе, әлеуметтік нысандардың құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары, мүмкіндіктері шектеулі жандардың инфрақұрылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру объектілеріне іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үнемі мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг нәтижесі барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.
Комиссия құрамындағы депутаттар тарапынан мемлекеттік органдарға 28 сауал жолданды. Оның ішінде бюджеттен қаражат қажет ететін 7 сауал, әртүрлі салалар бойынша 21 сауал жолданды. Оның 5 сауалы оң шешімі тапты.
Қазіргі таңда шешімін тапқан мәселелер:
сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберіндегі жоба-сметалық құжаттамаларына түзету жұмыстары жүргіліп, дизельдік генератор жинағы, трансформаторлық қосалқы станция және септик қарастырылатын болады. Сонымен қатар, жобада қысқы кезеңде құрылыс салу қарастырылған. Осыған байланысты ауа райы жағдайлары құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына әсер етпейтінін хабарлады.
Мәслихат депутаттарының негізгі міндеті – халықтың мұң-мұқтажын билік назарына жеткізу арқылы шешілуін қамтамасыз ету болғандықтан, олар үнемі жұртшылық пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етуде. Есепті кезеңде комиссия мүшелері 42 қоғамдық қабылдау өткізіп, олардың барысында 105 адам қабылданды, нәтижесінде 14 депутаттық сауал жолданды. 74 мәселе оң шешімін тапты. Қалған 31 мәселе бойынша түсініктеме берілді.
Комиссия мүшелері тарапынан есепті кезенде әлеуметтік желіге депутаттық жұмыстар туралы 727 ақпараттық материалдар жарияланды.
Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.