Жетісу облыстық мәслихатының индустриялды-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жетісу облыстық мәслихатының индустриялды-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,  облыстық мәслихаттың регламентіне және комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

2024 жылы комиссияның жоспарланған 4 отырысы өтті. Комиссия отырыстарында  негізгі 9 мәселе қаралып,  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Жетісу облыстық филиалының, облыстық көліктік бақылау инспекциясының,   кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының, туризмді дамыту бағытындағы полиция департаментінің, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің,   дене шынықтыру және спорт басқармасының, Алакөл және Сарқан аудандары әкімдігінің есеп-баяндамалары тыңдалып, комиссия мүшелерімен 39 ұсыныс енгізілді. Олардың 8-і шешіліп, 6-уы басшылыққа алынды, 21 орындалу барысында.

Тұрақты комиссия отырысында қаралатын нысандардың жай күйін орналасқан жерінде қарау, жол жөндеу жұмыстарынының барысын, нәтижесін көру және облыс аумағында туризмді дамыту, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында комиссия мүшелерімен және облыстық мәслихаттың басқа да депутаттарымен бірге 5 рет шығып-анықтау,  4 рет  танысу шаралары өткізілді.   Атап айтсақ:

  • Быжы - Мұқыры автожолының орта жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қарау;
  • Бақтыбай - Өтенай автожолының орта жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қарау;
  • Қазавтожол АҚ-ның басшылығымен бірге Сарыөзек Көктал автожолының 110 шақырымына дейінгі жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысын және жолдың жай-күйін қарау;
  • ҚР Парламенті Сенатының қасында автожолдың жағдайы туралы қаралатын сұрақты дайындау мақсатында «ALACEM» цемент зауытынан «Алтын емел» асуы аралығындағы автожолдың жағдайына бейнетүсірілім  жасау арқылы зерделеу жүргізу;
  • Талдықорған-Қапал автожолының жай күйін қарау және оның Көшкентал ауылына бұрылатын жол аумағын зерделеу;
  • Суықсай-Жансүгір автожолының орта жөндеуден кейінгі қосымша жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қарау;
  • Алакөл аумағында туризм саласын дамыту, үгіттеу мақсатында «VISIT ZHETYSU» мекемесі ұйымдастырған «Алакөл Фест-2024» фестивалінің өткізілу барысын қарау;
  • Туризм саласын дамыту, оны үгіттеу мақсатында комиссия мүшелерімен бірге «VISIT ZHETYSU» мекемесі ұйымдастырған Панфилов ауданындағы Қорғас, Жаркент, Әулие ағаш бағыттарымен танысу турына қатысу;
  • Туризм мен кәсіпкерлікті, сауда қатынастарын дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында облыс мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева және басқа да депутаттардың қатысуымен екі делегацияның Қытай Халық Республикасына баруы.

 Жетісу облысының аумағында тіркелген кіші және орта  кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлшек салық мөлшерін төмендету бойынша жұмыс тобы құрылып, нәтижесінде 2024 жылдың 31 наурызына дейін аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімімен  бөлшек салық мөлшері 50 пайызға төмендетілді. Атап айтқанда 2 қала мен 5 ауданда 4 пайыздан 2 пайызға, ал Алакөл, Панфилов және Сарқан аудандарында 4 тен 3 пайызға төмендетілді.

Сонымен қатар, 2025 жылы бөлшек салық мөлшерін 50 пайызға төмендету мақсатында 2024  жылдың 1 желтоқсанына дейін аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімімен  бөлшек салық мөлшері тағыда 2 қала мен 5 ауданда 50 пайызға, 3 ауданда 25 пайызға төмендетілді.

Жазғы уақытта облыс аумағында   демалушылардың арасында төтенше жағдайлар болып, олардың дене жарақаттарын алу деректерін ескере отырып, суға түсу және су көліктерін пайдалану кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігінің мемлеккеттік құқықтық бөлімімен және құзырлы басқармалардың өкілдерімен бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының отырыстары өткізіліп, суға түсу және су көліктерін пайдалану бойынша ереже жасалып, облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынылды.

Алакөл жағалауында су көліктеріне арнайы тұрақтар жасау,   жағажайда демалушылардың суға түсуіне қауіпсіз жағдай жасау  мақсатында көл жағасынан жер телімдері бөлініп,  конкурсқа құжаттар дайындалды.

Өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында Ақши ауылында өртсөндіру ДЭПО-сының құрылыс жұмыстары жоспарлануда.

Құтқарушылардың қызметте пайдалануына ұзындығы 11 метрлік катерді алуға 160 млн қаржы бюджеттен  бөлінді. Бүгінгі күні ол катер Ресейдің Питербург қаласында  құрастылу үстінде.

2024 жылы атқарылған жұмыстар барысындағы тәжірибені ескере отырып, Жетісу облыстық мәслихатының индустриялды-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2025 жылға жұмыс жоспары құрылды. 

Дата публикации
09 апреля 2025