Жетісу облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат және спорт мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2024 жылғы жұмысы туралы есебі

Тұрақты комиссияның есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, қолданыстағы облыстық мәслихаттыі регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Есепті кезеңде тұрақты комиссияның отырысында тиісті департаменттер мен басқармалар басшыларының есептері тыңдалды.  Тұрақты комиссияның 8 отырысы өткізіліліп, жыл басынан 32 ұсыныс берілді.

2024 жылы тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 17 мәселе қаралды.

  • Дене шынықтыру және спорт басқармасының атқарған жұмыстары туралы есебі (паралимпиадалық спорт түрлерін жоспарлау жөніндегі іс-шаралар жоспары).
  • Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға көмекші тағайындау мәселесі.
  • 2024 жылдың XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Жетісу облысы бойынша қатысатын спортшылардың дайындық іс-шаралары туралы.
  • «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасының қорытындысы туралы.
  • Жетісу облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалық мәселелері туралы.
  • Облыстың білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысы туралы.
  • Білім беру объектілеріне іргеліс жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
  • Білім басқармасының атқарған жұмыстары туралы есебі туралы.
  • Жетісу облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамтамасыз ету туралы.
  • Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
  • Жетісу облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының атқарған жұмыстары туралы есебі туралы.
  • Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы.
  • Жетісу облысының Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атқарған жұмыстары туралы.
  • Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атқарған жұмыстары туралы.
  • Жетісу облысының туберкулезге қарсы диспансердің қазіргі таңда жай-күйі және туберкулез ауруы бойынша облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы туралы.
  • 2024 жылғы 13 маусымда берілген хаттамалық тапсырманы орындалу барысы туралы (Облыстың білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті және Білім беру объектілеріне іргеліс жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету  туралы).
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алуға Жетісу облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсыну туралы.

Мысалы, Дене шынықтыру және спорт басқармасының атқарған жұмыстары туралы есебі (паралимпиадалық спорт түрлерін жоспарлау жөніндегі іс-шаралар жоспары), мүмкіндігі шектеулі спортшыларға көмекші тағайындау мәселесі және 2024 жылдың XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Жетісу облысы бойынша қатысатын спортшылардың дайындық іс-шаралары туралы мәселелер бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының есепті баяндамасы тыңдалады.

Есепті баяндамаға сәйкес 2023 жылы дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджеті 20,6 млрд теңгені құрады (еңбекақы қоры-7,4 млрд теңге, іс-шараларды өткізу (оқу-жаттығу іс-шаралары -11,6 млрд теңге, материалдық-техникалық базаны нығайту-626 млн теңге, «АРТ спорт» бойынша мемлекеттік спорттық тапсырыс-821,5 млн теңге, блоктық-модульдік конструкция орнатуға -159,5 млн теңге).

Қазіргі уақытта спортпен шұғылданатын адам саны 273 669 (оның ішінде ауылдық жерлерде 138 444 адам). Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 39,2 пайызын камтыды.

2023 жылы 14 спорт нысанының құрылысына 8,1 млрд. теңге (оның ішінде Жергілікті бюджеттен-4,8 млрд теңге, Ұлттық қордан-2,2 млрд теңге бөлінді). 10 спорттық нысан іске қосылды: 2 стадион, 3 спорт кешені, 2 күрес залы, 2 блокты-модульді спорттық кешендер, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Аталған спорт нысандарының іске қосылуы дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының санын арттыруға септігін тигізді. Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спортпен  жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі  облыста 13,3 пайызды құрады. Жалпы облыста мүгедек спортшыларға арналған спорт түрлері бойынша айналысатын адамдар саны 1 386. Басқарма басшысының күн тәртібіне сәйкес берілген есебін депутаттар жан-жақты талқылап келесі ұсыныстар енгізді.

ҰСЫНЫСТАР:

1.Спортшыларға сыйақыны тағайындайтын комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттарын қосуы қарастырылып, Спортшыларға төленетін сыйақы ай сайын бір уақытта берілуі және паралимпиадалық жарысқа дайындайтын жаттықтырушылардың жалақысы қадағалансын. Сонымен бірге, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында жылыту жүйесіне 2010 жылдан бастап жөндеу жұмыстары жасалынбағандықтан, облыстық экономика басқармасына жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу бойынша өтінім берілсін (өтінім берілді-19 млн 348 мың 483 теңге).

Сондай-ақ, экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиямен бірлескен отырысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының есепті баяндамасы тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе кезекті сессияның отырысына енгізіліп, Денсаулық сақтау басқармасының басшысына: Облыстық перинатальды генетикалық зертханаға керекті аппаратты алу мәселесін қарастыру туралы ұсыныс берілді.

Ұсыныстың орындалу барысы туралы ақпарат- 2024 жылы желтоқсан айында «Микроскоп кариотиптеуге және хромосомаларды флуоресцентті талдауға арналған автоматтандырылған кескінді талдау жүйесі бар әмбебап зерттеу класы» облыстық перинаталдық базасына орнатылды.

«Жетісу облысының туберкулезге қарсы диспансердің қазіргі таңда жай-күйі және туберкулез ауруы бойынша облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы туралы» қаралған мәселе бойынша Денсаулық сақтау басқармасына және Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне Талдықорған қаласында бацилярлық науқастарды емдеуге арналған жеке ғимарат құрлысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажеттілігі, кеуде қуысының мүшелерін диагностикалау үшін машиналардың шығуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілуі және облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсу себептерін анықтау бойынша мониторинг жүргізу және осы сырқаттанушылықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы ұсыныстар берілді.

Ұсыныстар бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

Талдықорған қаласында бацилярлық науқастарды емдеуге арналған жеке ғимарат құрылысын салуға жер телімі қарастырылуда. Облыстық фтизиопульмонология орталығының аумағына жеке ғимарат салу сұрақтары пысықталуда. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орталық аумағына құрылыс жүргізуге рұқсаты берілген соң,  жобалық-іздестіру жұмысы жасалынады.

Кеуде қуысының мүшелерін диагностикалау үшін жылжымалы машиналар облыстың барлық аудан,  қалаларында бар, ай сайын  халықты  флюорографиялық тексерумен қамтылуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 2024 жылдың 5 айында  флюорографиялық тексеруге жоспарланған 61 829 адамның 60 419 тексерумен қамтылды немесе 97,7% құрады,  жоспарланған қауіпті топтағы 15 134 адамның 13 903 қамтылып,   91,8 %-ға орындалды.  Ағымдағы  жылы есепке   алынған 134 науқастың   99 (73,8%). флюорографиялық тексеру арқылы  анықталды.

Облыс бойынша туберкулез сырқаттанушылығы,  туберкулезге қарсы атқарылатын шараларды бақылайтын облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандарынан  құрылған мониторинг тобы бекітілген кестеге сәйкес, медициналық ұйымдардың жұмысына  мониторинг және бағалау  жүргізіледі, қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарда   жиналыс өткізіліп,  медицина қызметкерлеріне оқыту ұйымдастырылады. Мониторинг және бағалау жүргізу және осы сырқаттанушылықты азайту жөніндегі іс-шаралардың қысқа мерзімді жоспары  бекітілді.

Келесі  облыстың білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысы мен білім беру объектілеріне іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселелер бойынша Білім басқармасы басшысының орынбасары Гульмира Ахметова білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жағдай туралы, білім беру саласындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қабылдау туралы, білім беру ұйымдарына енгізуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін бекіту туралы  және Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарындағы 87 тармақтағы «Балалық шақтың қауіпсіз болуын қаматамасыз ету» тапсырмасына сәйкес облыстағы білім беру ұйымдарындағы жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қаматамасыз ету бойынша «2024-2025 жылдарға арналған Жетісу облысының білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары» жасалып бекітілген туралы баяндады. Сонымен қатар, облыс бойынша жол белгілері, бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер қоршаулары, жарықтандыру, жасанды жол кедергілері қалалар мен аудандар бөлінісінде белгілі бір деңгейде орындалғаны туралы айтты.

Алайда тұрақты комиссия отырысының алдында, депутаттар облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қаматамасыз ету барысы бойынша мониторинг жүргізіп кемшіліктерді анықтады.

Білім беру ұйымдарында техникалық жарақтандыру және лицензияланған күзет мәселелері бойынша елеулі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды. Мұның бәрін оқу жылының басына дейін түзету бойынша ұсыныстар берілді.

Жетісу облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалық мәселелер бойынша сұрақтарды облыстық мәслихатның депутаты Темірлан Қылышбеков көтерді, мысалы, “МӘМС” бойынша Жетісу облыстық “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына” өткен жылдың қортындысы бойынша түскен қаражаттын көлемі, Ауруханалар мен емханаларды (облыстық,қалалық,аудандық) қаржыландыру қандай жүйемен жүзеге асырылуы, Қалдық қорда қалған қаржы қандай мақсатта қолданылғаны,  Қалдық қордағы қаржыны сапалы медициналық көмек (медициналық техникалар алуға, емдеудің шекті санынан асырып орындаған ауруханаларға) және дәрігерлер тапшылығын жою үшін қолдауға кедергілері туралы және басқада сұрақтар қойып толыққанды жауап алды.

Сонымен қатар, облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамтамасыз ету, Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу шаралары бойынша баяндаманы облыстың әлеуметтік саласын жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев баяндады. Марлен Көлбаев  депутаттарға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды 4269 инклюзивті біліммен  қамтылған, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 456 бала, жалпы орта білім беретін мектептерде 3726 оқушы, мемлекеттік колледжде 87 студент. Үйден оқытумен - 772 бала білім алуда және бұл балаларға 912 арнайы маман қызмет көрсетеді, олардың  192-сі дефектолог, 172-сі логопед, 108-і педагог-ассистент, 440-ы психолог. Жалпы облыстағы балабақшаларда 12 арнайы топта – 160 бала (мемлекеттік балабақшаларда 8 топ - 120 бала), жалпы орта білім беретін мектептердің  арнайы сыныптарында – 257 бала интеграцияланған біліммен қамтамасыз етілген. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын 329 педагог, 50 педагог-ассистент  біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Психологиялық - педагогикалық түзету кабинеттері жалпы 1589 балаға түзету жұмысы жүргізілді. Алайда, облыс орталығы мен аудандарда түзету жұмыстарына 300 бала кезекте тұр.

Осы мәселені шешу мақсатында жекеменшік психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне мемлекеттік тапсырысты орналастыру бағытында 293 млн.теңге бөлініп, облыс әкімінің қаулысы шықты. 2024 жылы білім беру мекемелерінің ғимараттарын бейімдеу үшін 350,3 млн. теңге бөлініп, 98 мекеме бейімделді (61 мектеп, 27 балабақша, 2-КППК).

Мектеп оқушылары арасында суицидтің алдын алу шаралары бойынша 2023 жылдан бастап жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құрамында балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл, жергілікті полиция қызметі, білім беру саласын бақылау департаменті, басқармалар, құқық қорғау орталығы және педагог-психологтар тартылған. Жұмыс тобы орын алған суицид, буллинг, құқықбұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері зерделеніп, өмірдің әр түрлі қиын жағдайына түскен балаларға,  олардың ата-аналарына қолдау көрсетеді. Білім басқармасы тарапынан кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында «Қауіпсіз мектеп, Қауіпсіз орта», «Сәтті қадам» жобалары іске асырылуда.  психологтарға оқыту семинарлар жүргізіліп, «СЕНІМ» педагог - психологтер ассоциациясы құрылды. «Облыстық психологиялық қолдау» орталықтары құрылып 21 жоғарғы білікті психологтар алынды. Әлеуметтік желілерде «Психологтан кеңес» парақшалары ашылып, оқу жылы басында оқушылардың психологиялық  жай күйін анықтау мақсатында сауалнама жүргізу үшін  «Мобильді жұмыс тобы» құрылды.  Бұдан басқада атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кенінен баяндады.

Депутаттар облыс әкімінің орынбасарының баяндамасын талқылап, назарға алды.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес,  Жетісу облысының Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Жетісу облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды, сонымен бірге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алуға Жетісу облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру бойынша мәселелер бойынша мәселе қаралды.

Баяндамашыларға депутаттар тарапынан бірнеше ұсыныс беріліп күн тәртібіндегі мәселе назарға алынды.

Жетісу облысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барасы туралы баяндаманы қоғамдық даму басқармасының басшысы жасады. Баяндамашы өңірімізде  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуы, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқаны туралы тілге тиек етті. Облысымызда «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестікпен бірлесе ұйымдастырылған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен аймақтық Тіл форумы, «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында салтанатты жиын, «Жарнама-тіл тазалығының көрнісі» байқауы, «Мемлекеттік тіл: кәсіпкерлік нысанда, тақырыбында» дөнгелек үстел және басқада шаралар ұйымдастырылып жүргізіліп жатқаны туралы баяндады.

Осы мәселе мәслихаттың кекзекті сессиясының отырысына енгізіліп назарға арналды.

Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына енгізілген барлық мәселелер толығымен қаралды.

Дата публикации
07 апреля 2025