Жетісу облыстық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмысы туралы есебі

Жетісу облыстық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясы (әрі қарай – Тұрақты комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың Регламентіне және жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аграрлық комитетімен бірлескен және тұрақты комиссиямен 6 отырыс өтті.

Күн тәртібінде көптеген маңызды мәселелер қаралып, тиісті уәкілетті органдарға біршама сауалдар жолданып, тиісті жауаптар алынуда.

Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер:

  • Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы; (жанар жағар май, техника, тұқым, су мәселесі туралы)
  • Ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы және жан-жануарлар арасында инфекциялық және инвизиялық аурулардың таралуының алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
  • Ауылшаруашылығы жануарларын вакцинациялау бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру туралы;
  • Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын сақтау туралы;
  • Қазақстан Республикасында қант саласын дамыту жөніндегі 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалу барысы туралы;
  • Әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтердің бағасын тұрақтандыру мен төмендету бойынша жергілікті атқару органдарының жұмысы туралы;
  • «Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» талаптарын жүзеге асыруда жер қатынастары мекемелерінің атқарған жұмыстары туралы»;
  • Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау жұмысы туралы;
  • Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау мекемелерінің жұмыстары туралы;
  • Ауылшаруашылығы саласындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы;

Мәслихаттың аграрлық сұрақтар бойынша Тұрақты комиссиясы көктемгі егін науқаны жұмыстарының дайындығы мен өткізілуі, егіс алқабын арам шөптерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу жұмыстарының ауқымын кеңейту мен көктемгі егін науқаны жұмыстары барысында уақтылы жанармаймен қамтамасыз етілуі жөніндегі мәселелер де жіті қаралды.

Тұрақты комиссия отырысындағы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер бойынша басқармаларға бірқатар ұсыныстар жолданды.

Мысалы, Ақсу ауданының әкімдігіне, Жетісу облысы жер қатынастары басқармасы мен Тұрақты комиссиясының депутаттарымен бірлесе отырып, Ақсу ауданы Алажиде ауылының маңында орналасқан әскери-жаттығу полигонын жою немесе қоғамдық сервитут орнату мәселесі бойынша Алажиде ауылының тұрғындарымен кездесуді ұйымдастыру;

Ветеринария басқармасына – Тұрақты комиссия отырысында көтерілген агрессивті қаңғыбас иттерді, қоршаған ортаға тигізетін залалдарын ескере отырып, иттерді қарау, ұстау тиімсіз болғандықтан оларды ізгілік жолымен ұйықтату туралы Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына  ұсыныстарды қайта қарастыруға жолдау үшін, ұсыныс дайындалып, тапсырылған;

Облысымыздың Орман шаруашылықтарында орналасқан өрт сөндіруші машиналарын күн сәулесінен қорғау мақсатында арнайы ғимараттарды қарастыру және тиісті қаражат соммасын бөлу және атқарылып отырған жұмыстарын Instagram, facebook және тағы басқа әлеуметтік желілері арқылы халық арасында жариялау жұмыстарын жүргізу;

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын төмендету, тұрақтандыру мақсатында басқа тәсілдерін қарастырып жобасын дайындау;  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына облысымыздағы шаруа қожалықтарының Жетісу облыстық аграрлық кредиттеу корпорациясынан «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 22% несиенің 16% субсидилялау мәселесін шешу.

Қазақстан Республикасының Энергетика министірлігіне шаруа қожалықтарына арналған жанар-жағар майды Павлодар мұнай өңдеу зауытынан алу туралы ұсыныс жолдау.

Ауыл шаруашылығы министірлігіне ауыл тұрғындарының ірі қара малының 50 басынан 200 басына дейінгі мал иеленушілергі сүт-тауарлы фермаларын ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар өзірлеу туралы ұсыныс жолдау.

Ауыл шаруашылығы министірлігінің 2023 жылғы 20 желтоқсанындағы №443 «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының кейбір нормаларына өзгерістер енгізу туралы Хаттамалық ұсыныстар берілді.

Осы ұсыныстардың негізінде:

Облыстық орман шаруашылықтарында орналасқан өрт сөндіруші машиналарын күн сәулесінен қорғау мақсатында арнайы ғимараттар мен құрылыстарды қарастыру мәселелері шешілді, сондай-ақ, атқарылып отырған жұмыстарын халық атарсында кеінен пайдаланылатын Instagram, facebook және тағы басқа әлеуметтік желілерде бөлісіп отыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын төмендету, тұрақтандыру мәселесі бойынша Жетісу облысының ксіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы тиісті жұмыстарын атқарып отыр. 

Субсидиялау мәселесі бойынша келесіні атап өткен жөн:

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасы агроөнеркәсіп саласында 22%-бен Аграрлық несие корпорациясынан, несие серіктестіктерінен бизнесті дамытуға несие және ҚазАгроҚаржы арқылы алынған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды лизинг шарттарының 6% ғана  ауыл шаруашылық тауар өндірушілері төлеп,  қалғаны 16% мемлекет тарапынан субсидиялауды қарастырады.

Бүгінгі күнге аталған бағдарламаға облыстың 967 шаруа қожалығы қатысып отыр. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 2024 жылға Жетісу облысына 2,4 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді, бұл қажеттіліктен 2,0 млрд. теңгеге аз.

Субсидиялау қағидаларына сәйкес 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың бүгінгі күнге дейін түскен өтінімдер Басқармамен қаралып, резервке енгізілуде. Резервтегі өтінімдер бойынша субсидия төлеу республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінген жағдайда ғана мүмкін болады.  

Бүгінгі күнге резервке 1 млрд. 669 млн. теңге құрайтын 672 өтінім тіркелген.

Қосымша қаражат бөлу туралы мәселе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде қаралады.

Осы жағдайды ескере отырып, Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша 2.3 млрд. теңге бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды. Аталмыш өтінімдер қарастырылу үстінде.

Бұл мәселе тұрақты комиссиясының назарында.

Шаруа қожалықтарына арналған жанар-жағар майды Павлодар мұнай өңдеу зауытынан алу мәселесі бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс хаты жолданып мәселе қарастырылуда.

Сонымен қатар, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл тұрғындарының ірі қала малының 50 басынан бастап 200 басына дейінгі мал иеленушілерге сүт-тауарлы фермаларын ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама қосуға, сондай-ақ,  «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында техника алуға қойылатын талаптарға көлікті кемінде 5 жылға дейінгі мерзімді қамтитын талапты қосуға жәнеде «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» №443 бұйрығындағы кейбір мәселелеріді қайта қарастыру бойынша ұсыныс хаттары жолданды.

Былтырғы жылдың 15 шілдесінен 31 шілдесі аралығында Облыстық мәслихат депутаттары және уәкілетті органдардың қызметкерлерімен Алакөл, Үйгентас, Қапал, Бөрлітөбе, Талдықорған орман шаруашылықтарымен отырғызылған ағаштарға мониторинг жұмыстарын жүргізді. 

Мониттринг жұмыстарының нәтижесі бойынша тиісті анықтамалар толтырылды.

Панфилов пен Үштөбе орман шаруашылығындағы отырғызылған ағаштарға мониторинг жұмыстары 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, жұмыстар жалғасын таппақ.

Жұмыс жоспарындағы барлық мәселелер уақтылы қаралады және жетекшілік ететін басқармаларға орындауға жіберілген барлық ұсынымдар мен ұсыныстарды депутаттар, тұрақты комиссия мүшелері бақылауда ұстайды.

Дата публикации
07 апреля 2025