Тұрақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 12 отырыс өткізіліп, 25 мәселе қаралып, оның 24 мәселесі облыстық мәслихаты сессиясының күн тәртібіне енгізілді. Нәтижесінде 23 ұсыныс берілді.
Жетісу облысы әкімдігінің ұсынымдары негізінде облыстың 2024 жылға арналған бюджетіне 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді.
Нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған облыс бюджеті 568,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде: меншікті кірістер – 96,8 млрд.теңге, республикалық бюджеттен түсетін трансферттер – 424,2 млрд.теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу – 3,4 млрд.теңге, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер – 36,8 млрд.теңге, бос қалдықтардың бағыты – 6,8 млрд. теңге.
2024 жылға шығыстар бойынша бюджеттік орындалу 558,3 млрд.теңгені, немесе 98,3% құрады.
Сонымен қатар, облыстың 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне, кірістердің түсуін болжау әдістемесіне және Жетісу облысының Даму Жоспарының негізінде қалыптастырылып, желтоқсан айында тұрақты комиссия отырысында депутаттармен талқыланып, сессия отырысының шешімімен бекітілді. Үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің жалпы көлемі 1,6 трлн.теңге, оның ішінде 2025 жылға – 554,3 млрд. теңге, оның ішінде:
Мысалы, 2023-2025 жылдары аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан облысымыздағы 8 мектептің құрылысын қаржыландыру бойынша депутаттар тарапынан ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде: Инфрақұрылымды қолдау қорынан Ақсу ауданы Көшкентал ауылында 75 орындық шағын орталығы бар 180 орындық мектепті 1,84 млрд.теңге және Көксу ауданы Қаратал ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық орта мектепті салуға 1,78 млрд.теңге қаражат бөлініп, 2024 жылы іске қосылды.
Сонымен қатар, Панфилов ауданы Лесновка ауылында 300 орынға арналған орта мектептің 2,97 млрд.теңге және Панфилов ауданы Суптай ауылында 120 орындық жалпы білім беретін мектептің 1,9 млрд.теңге құрылыстарына қаражат бөлініп, 2025 жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2025 жылы Ақсу ауданы Көлтабан ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 120 орындық негізгі жалпы білім беретін мектепке 2,1 млрд.теңге және 2,58 млрд.теңге Текелі қаласы Рудничный ауылында 30 орындық шағын орталығымен 200 орындық мектептің құрылыстарына қаражат бөлініп, 2026 жылы іске қосылуы жоспарлануда.
Жетісу облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында депутаттар үнемі өзекті мәселелерді көтеруде. Мысалы, 2016-2017 жылдары мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығы негізінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік берешектер берілген болатын. Қазіргі уақытта қарыздар әлі өтелмеген. Жалпы қарыз 248,7 млн. теңгені құрайды. Осыған байланысты, Кербұлақ ауданы әкімдігінің аудандық «Күреңбел Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (21,1 млн.т.), Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық «Панфилов су құбыры» ШЖҚ МКК (149,9 млн.т.), «Ақсу ТВК» ЖШС (16,6 млн.т.) және «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК (61,1 млн.т.) бюджеттік берешектерді өтеу бойынша жол картасын әзірлеп, аудандық және қалалық әкімдіктермен келісілді. Алдағы уақытта бекітілген жол картасына сәйкес, жұмыстар атқарылатын болады.
2024 жылы «Ақсу қант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналым схемасы бойынша жеңілдетілген қарыз беруге қосымша – 4 млрд. теңге қаражат берілді. Жалпы, 2022-2024 жылдары аралығында қант өнеркәсібін дамытуға жергілікті бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінді.
2015-2020 жылдары аралығында тұрғын үймен біріктірілген 97 полиция пунктері салынған. Осы уақытқа дейін аталған полиция пунктерінің 32-і облыстық полиция департаментінің теңгеріміне белгілі себептерге байланысты берілмеген. Осы мәселенің орындалуы тұрақты комиссияның бақылауында, яғни облыстық құрылыс басқармасына және Көксу ауданының әкімдігіне 2025 жылдың 1-ші мамырына дейін аталған мәселені шешу туралы ұсыныс берілді.
Депутаттық сауалдар:
2023 жылы тиісті мекемелерге жолданған депутаттық сауалдар саны – 141. Оның ішінде бюджеттен қаражат талап еткен депутаттық сауалдар саны – 40. 20 мәселе 2023 жылы, 11 мәселе 2024 жылы шешілді. Шешілмегені – 8, қалғаны орындалу барысында.
Мысалы, Алакөл ауданы Қызылқайың ауылындағы орта мектептің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2025 жылы 131,3 млн.теңге, Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының Ысқақов, Тәуке хан, Жетісу, Кенесары хан көшелерін орташа жөңдеуге 294,3 млн.теңге, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылындағы көшелердің жарығын орнату үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен 2,5 млн. теңге және аталған ауылға балалар ойын алаңын орнатуға 29,1 млн.теңге қарастырылады.
Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы Сүйінбай, Қастеев, Кеңесары хан, Тәуке хан көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу мәселесін шешу үшін, қаланың жолдарын ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға 1,3 млрд.теңге, сыртқы сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және қайта құру жобасы аясында «Шайқорған» тұрғын үй алабына су құбыры желілерін тарту үшін 2025 жылы Республикалық бюджеттен 90 млн.теңге бөлінеді.
2024 жылы тиісті мекемелерге 231 депутаттық сауалдар жолданды, оның ішінде 45 депутаттық сауал қаражат талап етеді. 45 депутаттық сауалдардың ішінде 50 мәселе көтеріліп, толығымен шешілгені - 28, шешілмегені - 10, қалғаны - орындалу барысында.
2024 жылы тұрақты комиссия мүшелері жалпы 65 депутаттық сауал жолдады, толығымен шешілгені - 29, ақпарат берілген - 2, шешілмеген - 21, қалған 13 депутаттық сауал орындалуда.
Шешімін тапқан депутаттық сауалдар:
2024 жылы Панфилов ауданы Көктал ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салуға 826,0 млн.теңге (ҰҚ-743,4 млн.теңге, ЖБ - 82,6 млн.теңге) бөлініп, қолданысқа берілді. Осы ауылдағы орталық саябақты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
2024 жылы Талдықорған қаласы Күдерин көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын аяқтауға 1 млрд.теңге бөлінді және «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны коммуналдық қызметтерді төлеу үшін кредиторлық берешекті өтеуге 203,4 млн. теңге қосымша қаражат берілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы спортшылар облыстық, Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін, жергілікті бюджет есебінен 800 млн.теңге қаражат бөлінді.
2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына Көксу ауданы Жарлыөзек ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектебіне – 1,6 млрд.теңге, Ақсу ауданы Матай ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы ғимаратына - 50 млн.теңге, «Кәусар бөбек жай» балабақшасының ғимаратына 98,6 млн.теңге және Ескелді (20,8 млн.т.), Қаратал (20 млн.т.), Кербұлақ (20 млн.т.) аудандық ветеринариялық станцияларының ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 60,8 млн. теңге қарастырылады.
Үнемделген қаражат
Тұрақты комиссия облыстық тексеру комиссиясымен бірге 2024 жылы құрылыс жоспарланған облыстық деңгейіндегі 13 жобаны тандап талдады. Нәтижесінде, мемлекеттік стандарттардың талаптарынан 560,471 млн. теңгеден астам қаржыны құрайтын бұзушылықтардың алдын алып, жобалау барысында жіберілген 54 рәсімдік бұзушылықты анықтады.
ҚР Парламенті Сенатына жолданған ұсыныстар:
2024 жылы қыркүйек айында Жетісу облыстық Полиция департаментінің 2023 жылы атқарылған қызметтері туралы есебін тыңдап, комиссия отырысында құқық қорғау органдарына қажетті жағдайлардың жасалуы мәселесі көтерілді.
«Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы №733 қаулысының 2 тармағының 1) тармақшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ықпал ету үшін ҚР Парламенті депутаттарына ұсыныс жолданды.
Яғни, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қызмет етуі жеңілдікті шарттарда есептелетін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік шарттарда – бір айы екі ай болып есептелетін жергілікті жерлердің тізбесіне Жетісу облысының Қаратал, Ақсу (Ақсу ауылын қоспағанда) аудандарын, Алакөл ауданының Қабанбай ауылын және Талдықорған қаласын қосу.
Анықтама: Ақсу ауданы 03.11.1930 ж. құрылған кезінде Ақсу ауылы ғана аудан орталығы болған, кейін 30.05.1964ж. аудан орталығы Жансүгіров ауылына ауыстырылған. Ақсу ауданы 49 тұрғылықты мекені бар 17 ауылдық округтерінен тұратынына қарамастан, көрсетілген аудан орталығын ауыстыру кезінде жеңілдік шарттарда есептелетін жергілікті жерлердің тізбесіне тек Ақсу ауылы қосылған.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, полиция қызметкерлерінде көрсетілген аудандарда қызмет етуге және тұруға қызығушылық жоқ.