Денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат және спорт мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

№ р/с Мәселе Мерзімі Жауаптылар
1. Ұйымдастыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы қаңтар тұрақты комиссияның мүшелері
2. Жастар саясатын жетілдіру, жастарды түрлі орталықтардың, бірлестіктердің мен қоғамдастықтардың қызметіне белсенді тарту арқылы іске асырылатын жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру туралы. ақпан Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 
3. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы ақпан Денсаулық сақтау басқармасы, Құрылыс басқармасы
4. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атқарып жатқан жұмысы туралы наурыз Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
5. Діни ахуалдың жағдайы және облыс бойынша жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының қызметі туралы. мамыр Жетісу облысы дін істері басқармасы
6. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, есепке алудың барлық түрлерінде  тұратын  кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу туралы. шілде Жетісу облысының Полиция департаменті,
Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
7. "ҚР Президентінің "Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы" «Жарлығының жобасы туралы» Үкіметтің қаулысының іске асыру барысы туралы. қыркүйек Білім басқармасы, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
8. Жетісу облысының әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы. қазан Жетісу облысының әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы

 

Дата публикации
04 апреля 2025