Жетісу облыстық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

№ р/с

Іс-шараның атауы

Өткізу мерзімі Жауаптылар

1.

Тұрақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. қаңтар Комиссия мүшелері
2. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы және Ветеринария басқармаларының 2024 жылға атқарылған жұмыстары туралы. Ақпан Ауыл шаруашылығы басқармасы, Ветеринария басқармасы.
3. Егін науқанына дайындық, қант қызылшасының егін алқабының көлемі, Ақсу және Көксу қант зауыттарының 2024 жылғы қант қызылшасын қабылдау кезіндегі жіберілген кемшіліктерін талқылау барысы, 2025 жылғы қант қызылшасын өңдеу жұмысына дайындығы, жайылымдық жердің және оның нысаналы мақсатта пайдаланылуы туралы. Ақпан Ауыл шаруашылығы басқармасы, Жер ресурстарын басқару департаменті, «Ақсу Қант» ЖШС-і, «Көксу қант» ЖШС-і.
4. Жетісу облысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы. Наурыз Жетісу облысының ветеринария басқармасы.
5. Жетісу облысының жер қатынастары басқармасының жұмыстары мен жоспарлары туралы. 2025 жылғы суару науқанына дайындық жұмыстары туралы. Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы. Сәуір Жер қатынастары басқармасы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Жетісу филиалы.
6. Облыстың қатты тұрмыстық қалдықтарын жою мәселелері Мамыр Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жетісу облысы бойынша экология департаменті.
7. Жетісу облысы Орман шаруашылықтарының өрт қауіпсіздігін сақтау, орманды сауықтыру жұмыстары туралы.  Маусым Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.
8. Азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шарушылығы өнімдерін бағаларын тұрақтандыру, делдалдармен күресу. Шілде  Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
9. Егін жинау науқанына дайындық, қант қызылшасы және жүгеріні өткізу мәселесі. Тамыз Ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ақсу Қант» ЖШС-і, «Көксу қант» ЖШС-і, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-і.
10. 2025-2026 жылдары қыс мезгіліне Жем-шөптің дайындығы туралы мәселе. Қыркүйек Ауыл шаруашылығы басқармасы.
11. «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы туралы. Қазан Ауыл шаруашылығы басқармасы.
12. Облыстың ауыл шаруашылығын қолдау және оны дамыту жоспарлары, осы саладағы Бизнес өкілдерінің проблемалық мәселелері. Қараша Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
13. Тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы. Желтоқсан Тұрақты комиссия.

 

Дата публикации
26 февраля 2025