Жетісу облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2025 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

№ п/н Мәселе Мерзімі Жауаптылар

1.

Тұрақты комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

қаңтар

Комиссия мүшелері

2.

2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы.

2024 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы.

2024 жылдың қорытындылары бойынша Жетісу облысын дамыту жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының есептері. (тізім бойынша)

Объектілердің сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері туралы (таңдамалы).

Облыста  төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы (табиғи және техногендік қауіптердің, оның ішінде су тасқыны, өрт және жер сілкіністерінің алдын алу және жою).

ақпан

Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жетісу облысының қаржы басқармасы, барлық әлеуметтік сала басқармалары, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы, Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті

 

3.

2024 жылдың қорытындылары бойынша Жетісу облысын дамыту жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының есептері.

Жетісу облысының департамент, басқарма басшыларының  2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп беру және Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау (өзгерістер мен толықтырулар енгізу) үшін берілген бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдау.

Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне нақтылау (өзгерту) енгізудің орындылығын зерделеу және талқылау.

наурыз

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

4.

«Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру туралы.

сәуір

Текелі қ.  және Талдықорған қ. әкімдері

5.

Жетісу облысының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есеп.

Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы.

мамыр

Жетісу облысының қаржы басқармасы, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы, Жетісу облысының экономика және бюджет жоспарлау басқармасы

6.

Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау (өзгерістер мен толықтырулар енгізу) үшін берілген бюджеттік өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдау.

2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарауы.

Жетісу облыстық полиция Департаментінің  2024ж. және 2025 жылдың I- жартыжылдығында атқарылған қызметі туралы.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, жазаға сотталғандар арасындағы қайталанатын қылмыстардың және қоғамнан оқшауламай қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шаралардың алдын алу туралы. Бұл адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету.

шілде

Облыстық экономика және бюджет жоспарлау басқармасы, Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы, Жетісу облысының Полиция департаменті

7.

2025 жылы Жетісу өңірінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы («Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы).

Жетісу облысының бюджетіне түсетін салық түсімдері туралы.

тамыз

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

8.

2025 жылдың 9 айындағы бюджет қаражатының игерілуі туралы.

Жетісу өңірінде бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы.

Жетісу өңіріндегі құрылыс нысандарын салуға, күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу.

қазан

Облыстық қаржы басқармасы, Аудан, қала (тізім бойынша) Облыстық құрылыс басқармасы

9.

Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Мемлекеттік аудитке жататын объектілердің  тексеру нәтижелері туралы.

Объектілердің сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері туралы (таңдамалы).

қараша

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы

10.

Жетісу облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетінің жобасын зерттеп, талқылау.

желтоқсан

Облыстық экономика және БЖ басқармасы, барлық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

 

Дата публикации
03 февраля 2025