Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» № 4-33 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы  20 маусымдағы  «Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» № 4-33 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» № 4-33 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183254 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бектілген Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінде:

         13 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және облыстық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.».

«18. Құрмет грамотасы папкадан және жапсырмадан тұрады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы                                   Г. Тойлыбаева

Дата публикации
13 августа 2024