Жетісу облыстық мәслихатымен және оның тұрақты комиссияларымен 2023 жылы атқарылған жұмыс туралы

ҚҰРМЕТТІ ДЕПУТАТТАР!

Жетісу облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың Регламентіне және жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

VІІІ шақырылымдағы депутаттардың жұмысы 2023 жылдың 30 наурызында басталды. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау республикалық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістерге сәйкес аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өткізілді.

Осыған орай, VIІІ шақырылған Жетісу облыстық мәслихатымен 2023 жылы атқарылған қызмет туралы хабарламаны Сіздердің назарларыңызға ұсынуға рұқсат етіңіздер.

ҚР қолданыстағы заңнамасымен өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес, 2023 жылы облыстық мәслихатпен келесі қызмет атқарылды.

4 кезекті және 8 кезектен тыс сессия өткізіліп, олардың барысында 72 жалпы және 16 нормативтік құқықтық сипаттағы, әділет органдарында тіркеуге жататын шешімдер қабылданды.

Бірінші ұйымдастыру сессиясында Жетісу облыстық мәслихаттың төрағасын және Жетісу облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының сан құрамын белгілеу және төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы мәселелер қаралды.

Жетісу облысы әкімдігінің ұсынымдары негізінде облыстың 2023-2025 жылдарға арналған бюджетіне 3 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді.

Нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, 2023 жылға арналған облыс бюджеті 488,9 млрд.теңгені құрады, оның ішінде: кіріс – 68,6 млрд теңге, РБ-тен трансферттер– 387,6 млрд теңге.

2023 жылға шығыстар бойынша орындалу 487,1 млрд.теңгені (жоспарланған 488,9 млрд.теңге) немесе 99,6% құрады.

Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік, елеулі үлес қосқан 9 азаматқа «Жетісу облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «Жетісу облысының барлық денгейдегі әкімдерінің 2023 жылғы халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесін келісу туралы» №13-41 шешіміне өзгеріс енгізілді, Жетісу облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау,  облыс әкімдігінің дербес құрамы келісілді, құқық бұзушылықтың профилактикасы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамдарына және облысы әкімдігі жанындағы терроризмге  қарсы комиссияның құрамына, облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Жетісу облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-1 тармағына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысына сәйкес, Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Ардақ Тоқбергенов тағайындалды, облыстың ортақ су пайдаланудың қағидалары белгіленді, облыстың елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары, облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары, «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі, облыстық мәслихатының Регламентін және  Жетісу облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілді. Облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8-20 шешіміне өзгерістер енгізіліп, облыстағы әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалды.

Жетісу облысының қаржы басқармасының 2022 жылға арналған  облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есебі мақұлданып, облыстық мәслихаттың шешімімен бюджеттің кірістері, шығындары, түсімдері мен транферттер бекітілді.

2023 жылдың II жартыжылдығына арналған Жетісу облысы әкімінің халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесі келісіліп, жыл барысында өзгерістер енгізілді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылданданып, облыс бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалды. Сонымен бірге, «Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесіндегі №2 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтауға арналған газ автономды Блокты-модульді қазандықтың құрылысы және оған сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер алып тасталды.

Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкалары, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жетісу облысындағы аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауын өткізу мақсатында пилоттық өңірлердің тізбесі мен сайлаудың өткізу күні белгіленді (Кербұлақ және Сарқан аудандары, 5 қараша). Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспары жобасына өзгерістер енгізуі мақұлданды. Полиция департаментінің басшысының 2022 жылдың және 2023 жылдың 7 айы бойынша атқарылған қызметтері туралы есебі тыңдалып, аталған қызметпен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға берілді. Сонымен қатар, Жетісу облысының басқару схемасы бекітілді. Учаскелік комиссиялар туралы ереже келісіліп, облыстың қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру, облыстың 2024-2026 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары мен облыстың елді мекендерінде ауылшаруашылығы жануарларын асырау қағидалары бекітіліді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайланды. Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Б.Тынышбаевтың және Қанат Темірғалиұлының депутаттық қызметімен үйлеспейтін лауазымға ауысуына байланысты өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының құрамына екі мәрте өзгеріс енгізілді.

"Әкiмдердiң мәслихаттар алдында есеп беруiн өткiзу туралы" Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы туралы есебі тыңдалып, облыс әкімдігімен өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар депутаттардың толыққанды қолдауын тапты.

Тұрақты комиссиялар:

Жетісу облыстық мәслихатында 5 тұрақты комиссия құрылды: Экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері бойынша (төрағасы – депутат С.С. Шенгелбаев); денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет,  ішкі саясат және спорт мәселелері бойынша (төрағасы – депутат Қ.М. Баймырзаев); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша (төрағасы – депутат Қ.Қ. Кереев); индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті және туризм мәселелері бойынша тұрақты комиссия (төрағасы – депутат Е.М. Егінбаев); ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша (төрағасы – депутат Қ.Т.Қарабасов).

Есепті кезеңде облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірқатар жұмыстар атқарылды.

Айта кету керек, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен 2023 жылы бейінді тұрақты комиссиялардың барлық отырыстары кеңейтілген форматта өтті. 2023 жылы тұрақты комиссиялардың 34 отырысы өткізіліп, онда 90 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 108 ұсыным қабылданды. Оның 53 іс жүзінде орындалды, 9 ұсыныс назарға алу үші берілді, 3 ұсыныс 2024 жылға өтпелі, 43 ұсыныс мемлекеттік органдарда орындалуда.

Тұрақты комиссиялардың ұсынымдарын іске асыру мәселесі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен отырыстарда тұрақты қаралады және әр комиссиялар төрағаларының ұдайы бақылауында болады. Мысалы, экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссияның 11 отырысы өткізіліп, онда 28 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 11 ұсыным қабылданды, оның 4 іс жүзінде орындалды, 7 ұсыным мемлекеттік органдарда орындалуда.

Депутаттық сауал:

Депутаттардың жұмысы тұрғындардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беру, алаңдатып жүрген мәселелері болса шешімін табу, қоғамдық пікірлерді үнемі есепке ала отырып, мәслихат сессияларында ұжыммен бірге талқылап, ортаға салу және осы айтылған жайттардың шешімін табу болып табылады.

Осы ретте депутаттарымыз азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарап, өз құзыреті шеңберінде көтерілген мәселелерді шешуге көмек көрсетіп, ресми сұраулар мен өтініштер жолдау арқылы мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізді.

Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 140 депутаттық сауал  жолданды, олардың ішінде білім, денсаулық сақтау, спорт, қоғамдық даму, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауылшаруашылығы, экология, табиғи ресурстар, ветеринария, жер қатынастар бойынша және оның 40 жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді талап ететін сауалдар болды. Мемлекеттік органдарға жолданған барлық депутаттық сауалдар уақытымен қаралып, тиісті шаралар қабылданғандығын атап өткен орынды, мәселен осы сауалдар негізінде 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде қаражат талап ететін 18 депутаттық сауал оң шешімін тапты.  Шешімін тапқан бірнеше мәселені айтып кетейін, олар: Жалғас Алтынбековтың «Талдықорған қаласында 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға арналған «Бәйтерек» оңалту орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе басқа ғимаратқа көшу туралы мәселесі бойынша- 22,1 млн теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді; Олжас Жапарқұловтың- облысымыздың орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі бойынша 2024 жылға бюджеттен 575 млн 879 мың теңге бөлінді; Қайрат Кереевтың- Талдықорған қаласы Өтенай ауылындағы қолданыстағы дәрігерлік амбулаторияға жаңа блок салу туралы сұранысына 588,2 млн теңге қарастырылды, Әсет Қыдырмановтың - «Айналайын» балалар үйіне қарасты жаздық балалар лагерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 2024 жылға 806,9 млн теңге қарастырылды, Баршагүл Саятованың–Алакөл ауданы Үшқайың мен Тұяқбай ауылдары арасындағы облыстық маңызы бар 4,6 шақырым автомобиль жолын жөндеу бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарына 100,0 млн теңге, 2024 жылға 197,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурумен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай ай сайын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілетін. Осы мәселе бойынша өз тарабымнан депутаттық сауал жолдаған болатынмын. Нәтижесінде аталған мәселе сессия отырысында қаралып- Әлеуметтік көмек мөлшерін 7  АЕК көтеру ұсынылып, оң шешімін тапты.

БАҚ:

Бұқаралық ақпарат құралдары әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Осы ретте облыстық мәслихат депутаттарының қызметі туралы халықтың хабардар болуын жақсарту жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде облыстық мәслихаттың "Жетісу облыстық мәслихаты" ресми парақшасы бар, онда өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары, жұмыс сапарлары, әлеуметтік маңызы бар объектілерге бару туралы мәліметтер орналастырылады. Облыстық мәслихат депутаттары әлеуметтік желілерді пайдаланады, онда сайлаушылар өзекті режимде өткізілетін барлық іс-шараларды көре алады және өз түсініктемелерін, ұсыныстарын енгізіп, проблемалық мәселелерді белгілей алады.

Депутаттар тарапынан есепті кезенде әлеуметтік желіге жалпы  саны 5057 жазба жарияланды, оның ішінде депутаттық жұмыстар туралы 2754 ақпараттық материалдар жарияланды.

Мәслихаттың Регламентіне сәйкес, сессиялардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Facebook, Instagram желілерінде 10 сессияның және 27 тұрақты комиссияларының отырыстары тікелей эфирге шықты және облысымыздың телеарнасында міндетті түрде трансляция жүргізіледі. 

Қоғамдық қабылдаулар:

Есепті кезеңде облыстық мәслихаттың депутаттары 194 қоғамдық қабылдаулар өткізді, олардың барысында 287 адам қабылданды, нәтижесінде 76 депутаттық сауал жолданды. 161 мәселе оң шешімін тапты. Халықты тұрғын үй және жермен қамтамасыз ету, мүгедектер құқықтарын қорғау, аз қамтамасыз етілген халық топтарына әлеуметтік көмек жасау, жұмыспен қамту мәселелері қаралып, сайлаушылар мүдделерінің орындалуына бағытталған шаралар іске асырылды.

Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында жергілікті өкілді органдармен өзара іс қимыл жөніндегі кеңес құрылған.

Жоғары заң шығарушы және жергілікті өкілді билік арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі жергілікті проблемаларды ескере отырып және заң шығару бастамасының құқығын өз деңгейінде іске асыру мүмкіндігі ретінде нормаларды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.

Мысалы, ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен облыстық мәслихаттың бейіндік комиссиясы 4 рет бірлескен отырыстар өткізді, Сенат Төрағасы М.С. Әшімбаевтың басшылығымен «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» және «Суармалы жерлер алаңын ұлғайту және оларды суармалы сумен қамтамасыз ету» тақырыптарында Үкіметтік сағат өтізілді.

Қазақстан Республикасының Сенатына жолданған ұсыныстар:

Облыстық мәслихат депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару, бюджет жобасына, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы саласы бойынша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру туралы ұсыныстар дайындап, ҚР Парламентіне жолдады.

Мысалы:

  • Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басы саны 2-3 сиыр, 10-15 қойдан, ал жер көлемі 0,1 гектардан асса, ол (жеке қосалқы шаруашылық иесі) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеліп ҚР Заңнамаларына сәйкес жеке кәсіпкер не болмаса шаруа қожалығы ретінде әрекет істеуі қажеттілігі туралы.

«Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының жобасына:

1)     Кеңес – жергілікті өзін-өзі басқару органына жас ерекшелігін анықтай отыра жаңа бизнес-жобаларға бастама жасай алатын, жаңа бастамалар ұсына алатын және сол арқылы ауылдағы қазіргі күнгі жағдайды өзгерте алатын бастамашыл жастарды таңдауды ұсынамын.

2)     Ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің тәжірибесі (2013-2020 жж.) ақсақалдар, ауыл әкімі, учаскелік полиция инспекторының жұмыстары қоғамдық негізге ерекше әсер етпейтінін көрсетті. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде кеңес төрағасы мен хатшысы лауазымдарын ақылы ету.

3)   Халыққа көрсетілетін қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу, үшін оларды қоғамдық кеңестермен және мәслихаттармен келісілуін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалық мәселелердің бірі:

Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс қорытындыларының хаттамасына шағымдану функциясы іске асырылады, онда әлеуетті өнім берушілер конкурстық комиссияның немесе ішкі мемлекеттік аудит департаментінің уәкілетті органының (бұдан әрі - ІМАД) шешіміне шағымдана алады. Бұл функция мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде қандай да бір даулар туындаған жағдайда  әлеуетті өнім берушілердің конституциялық құқықтарын қорғайды.

Шешу жолдары- Ақылы шағым беру жүйесін енгізу (конкурс сомасының 1% мөлшерінде шағымды қамтамасыз ету). Шағым расталған не ішінара расталған жағдайда қамтамасыз ету сомасы әлеуетті өнім берушіге қайтарылсын, шағымды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда конкурстан 1% мөлшеріндегі сома мемлекет пайдасына өндіріп алынсын.

2023 жылдың 29 тамызында облысымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Маулен Сағатханұлы Әшімбаев келді. Жұмыс сапарының мақсаты облысымыздың инфрақұрылымдық проблемаларды шешу, өңірді дамыту перспективалары және сенаторлардың мәслихат депутаттарымен ынтымақтастығын күшейту.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен мәслихаттардың бірлескен жұмысындағы аса маңызды міндет ел Президенті бастамашылық еткен реформалардың іске асырылуын сапалы қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттар тарапынан республикалық денгейде шешімі табылатын проблемалық мәселелер көтеріліп, бүгінгі күнге аталған мәселелерді шешу оң нәтиже беріп жатыр.

Мысалы: Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласына дейінгі елді мекендерді газдандыруды қаржыландыру мәселесі көтерілді.

Барлығы 23 жобаны іске асыруға Республикалық бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2024 жылға – 2,7 млрд теңге, 2025 жылға – 5,8 млрд теңге.

Сондай-ақ, "Алматы – Өскемен-Лепсі – Ақтоғай" Балқаш көліне дейін автомобиль жолының құрылысын толық қаржыландыру үшін қаражат бөлу мәселесі қарастырылды, 2024 жылға 4,5 млрд теңге бөлінді.  Тағы айтып кететін мәселе, ол Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке спорт кешенін салу мүмкіндігін қарастыру мәселесі болған, бұл мәселенің бастамасы да оң нәтижелі болып тұр, 2024 жылға жергілікті бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге 10,0 млн теңге бөлінді.

Қайырылымдық шаралар:

Облыстық мәслихаттың депутаттарымен есепті кезеңде жалпы сомасы 35 370 000 теңгені құрайтын қайырымдылық және демеушілік іс-шаралар мен акциялар өткізіліп аз қамтылған азаматтарға кең көлемді көмек көрсетілді.

Депутаттардың біліктілігін арттыру:

Бүгінде мәслихаттар депутаттарының құзыреттілігіне, кәсіби дайындығына, білімі мен біліктілігіне жаңа талаптар белгіленді. Осыған орай, облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы базасында 40 сағаттық «Мәслихаттар-елді саяси жаңғыртудың қозғаушы өңірлік күші» және «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыпта оқу курсынан өтті («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 21-3 бабына сәйкес).

Аппарат

Ағымдағы кезеңде облыстық мәслихат аппаратымен жеке және заңды тұлғалардан 55 өтініш қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 38, заңды тұлғалардан – 17. Бұқаралық-ақпартат мәселесі бойынша 11 өтініш, Қоғамдық кеңес бойынша 5 мәселе, Мемлекетті сатып алу бойынша 4 өтініш, әлеуметтік мәселесі бойынша 5 өтініш, Бөлшек салық бойынша 1 өтініш,  көлік мәселесі бойынша 1 өтініш, тексеру комиссиясының мәселесі бойынша 3 өтініш, Аграрлық мәселе бойынша 1 өтініш, Өзгеде мәселелер бойынша 7 өтініш.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 13 оң шешілді  26 түсініктемелер берілді, 2 құзыреті мемлекеттік органдарға  жолданды, 14 кері қайтарылған өтініштер (Заңға сәйкес құжаттары толық емес).

Дата публикации
22 мая 2024