Жетісу облыстық мәслихатының индустриялды-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының 2024 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

№  р/с

Мәселе

Қаралатын мерзімі

Жауаптылар

1

Тұрақты комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

1 тоқсан

Комиссия мүшелері

2

- 2023 жылы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамымен атқарылған шаралар, бөлінген қаржының тиімді қолданылуы және олардың нәтижелері туралы. 2024 жылы жоспарланған шаралар туралы.                          Шаруа қожалықтарына лизингке  техникалар бекіту келісім шартына  пролангация  жасау туралы.

1 тоқсан

- облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы,

-«Жетісу» ӘКК» өңірлік даму институты» АҚ

3

- Қыс мезгіліндегі облыстағы автожолдардың /республикалық, облыстық аудан-қала автожолдардың/ жай күйі. Оларды қардан тазалау, көктайғақтың алдын алу, тұз аралас құм себу, автожолдың қауіпті аймақтарында қолданылып жатқан сақтық шаралары.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың уақытша жабылған кезінде  жүргізушілермен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  атқарылған  жұмыстар туралы.

- Жолды күтіп үстауға бөлінген қаржы, олардың тиімді жұмсалуы.

- Бар техникалар, олардың жай күйі.

1 тоқсан

- облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

-Қазақ автожол АҚ Жетісу облыстық филиалы

 

4

Кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлшек саудаға салынатын салықты 50 пайызға түсіру үшін аудан және қала әкімшіліктерінің талдаған құжаттарын жергілікті мәслихаттарға ұсыну жағдайы туралы.  

1 тоқсан

облыстық Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық

даму және туризм басқармасы

5

1. Жетісу облысындағы туризм саласын дамыту:

- Алакөл көлінің аумағында Көктұма мен Ақши ауылдарының қасындағы жаға жайдың шомылу маусымына, демалушыларды қабылдауға дайындығы туралы;

- Су техникасына арналған айыппұл тұрағының дайындығы;

- Балқаш көлінің аумағындағы инженерлік инфрақұрылымдар құрылысының басталуы;

- Балқаш көлінің аумағында туризмнің дамуына жоспарланған шаралар, инвест жобалар туралы. Бар проблемалар және оларды шешу жолдары туралы.

- Бұрқан бұлақ сарқырамасына баратын жолдың күрделі жөндеу жұмыстары;

- Алакөл көлінің аумағындағы Ақши және Көктума ауылдарында инфрақұрылымдарды дамыту жоспары, оны іске асыру барысы туралы;

- Жазғы демалыс науқанына туристер көп болатын аймақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру туралы;

- Өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздікті ұйымдастыру. Көктұма ауылында өртсөндіру арнайы ғимаратының салыну барысы туралы.

2. Жетісу облысында эко және этно туризмді дамыту мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы.

2 тоқсан.

 

- облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм  басқармасы

-Алакөл аудан -әкімшілігі

-Сарқан аудан әкімшілігі

-Табиғи ресурстар басқармасы;

-ПД;

-ТЖД;

-Құрылыс басқармасы

6

1. Облыстың аумағындағы жолдарға жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы. Бөлінген қаржы және оларды игеру.

Туындаған мәселелер  және оларды шешу жолдары туралы.

2 - тоқсан

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

Қазақ автожол АҚ Жетісу облыстық филиалы

 

 

2.Облыс аумағында жолаушыларды тасымалдаудың жай-күйімен даму перспективалары,

Жетісу облысы азаматтарының жекелеген санаттарын жеңілдікпен тасымалдау, бар проблемалар және оларды шешу жолдары туралы.

7

Облыс аумағындағы жолдарда жүк тасымалдайтын көліктердің оське салмақ  түсіру нормаларын бұзу деректерін анықтау және заң талаптарын бұзудың алдын алу жұмыстары туралы.   

3 тоқсан

Жетісу облыстық көліктік бақылау инспекциясы

8

1. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мақсатында берілетін субсидияның бөліну нәтижесі. Туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары туралы.

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы.

3 - тоқсан

 

облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы, аудан және қала әкімдері, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы,

-«Жетісу» ӘКК» өңірлік даму институты» АҚ;

ҚазАгроҚаржы

9

1. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жетісу облысында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша атқарып жатқан жұмысы туралы.

2. Жетісу облысының әлеуметтік экономикалық өсу бағытында нвесторларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

3. Жетісу облысындағы жер қойнауын пайдаланып жатқан инвесторлардың облыс халқына және жергілікті елді мекендерге көрсетіп жатқан әлеуметтік шаралары туралы

4-тоқсан

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

облыстық кәсіпкерлік  және индустриялды-инновациялық даму басқармасы

облыс аумағындағ жер қойнауын  пайдаланып жатқан инвесторлар

                                

 

Дата публикации
12 марта 2024