| № п/п |
Комиссия отырысының өткізілген күні |
Қамтылған мәселелер
|
Қабылданған шешімдер |
Атқарған жұмыстың нәтижесі |
| 1. |
26 мамыр
2023 жыл
|
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Білімді ұлт» Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру туралы, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру педагогтарының ортасын аттестаттауды өткізу туралы.
- 2023 жылға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
|
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттарына, тиісті тұрақты комиссияның мүшелеріне:
- Жазғы демалысты ұйымдастыру шарттарымен танысу мақсатында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру басталғаннан бастап айына екі рет мониторинг жүргізуіді қамтамасыз ету.
|
Орындалды |
| 2. |
22 маусым
2023 жыл
|
- Жетісу облысындағы орта білім беру объектілері ғимаратының жай-күйі туралы (ағымдағы және күрделі жөндеуді талап ететін ғимараттар).
- Жетісу облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының атқарған жұмыстары туралы есебі. (Жетісу облысының ауылдарында мәдениетті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және мәдениет объектілерін салу және күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы.).
|
Облыс әкімінің орынбасары Рустам Али:
- «Айналайын» балалар үйінің жазда демалатың лагерінің мүмкіндігінше жөндеу жұмыстарының уақытың 2026 жылдан жақын араға ауыстыру туралы мәселені қарастыру.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына:
- "Qanattylar" инклюзивті театрды Талдықорған қаласына шақыру мүмкіндігін қарастыру. Ақпарат 2023 жылдың 20 шілдесіне ұсынылсын.
- Панфилов ауданындағы Сарыбел ауылындағы мәдениет үйі ғимаратының апатты деп таңылған мәселені жан-жақты пысықтап, жағдайы туралы мәліметті ұсыну. Ақпарат 2023 жылдың 27 шілдесіне дейін ұсынылсын.
- Тұрпан ауылындағы мәдениет үйі ғимаратының жобалық-сметалық құжатамасының уақыты қарастырылып, мүмкіншілігіне қарай ағымдағы немесе келе жатқан 2024 жылға жөндеу жұмыстарының жүргізілуі ұсынылсын.
- Ескелді ауданы Өтенай ауылындағы мәдениет үиі ғимаратының қазіргі жағдайы және кімнің меншігінде екендігі туралы ақпаратты 2023 жылдың 20 шілдесіне ұсынылсын.
|
Орындалуда |
| 3. |
11 қыркүйек
2023 жыл
|
- 2023 жылғы жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі жұмыс туралы.
- Білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу және күрделі жөндеу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы.
|
Білім басқармасына:
- Облыстық мәслихат депутаты Г.С.Мұстаповамен бірге Талдықорған қаласындағы Ынтымақ ауылындағы мектеп құрылысы жұмыстарын тексеру.
- Облыстық мәслихат депутаты Д.Т.Ахмолдаевпен бірге Алакөл ауданы бойынша 2023 жылы құрылысы аяқталған және 2024 жылға құрылысы жоспарланған мектептерді аралау.
- Облыстық мәслихат депутаты Е.К.Баялышбаевпен бірге бейімдеуге берілген 84 нысандарға саралау жұмыстарын жүргізу.
- 2024 жылы құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған білім беру мекемелерінің тізімі а.ж. 20 қыркүйегіне дейін облыстық мәслихатқа жолдансын.
Денсаулық сақтау басқармасына:
- Ағымдағы жылға кредиттік қарызы бар облыс көлеміндегі ауруханалардың мәселесін шешу үшін атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша ақпарат а.ж. 22 қыркүйегіне дейін жолдансын.
- 2024 жылы құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған денсаулық сақтау мекемелерінің тізімін а.ж. 20 қыркүйегіне дейін облыстық мәслихатқа жолдансын.
|
Орындалды |
| 4. |
1 желтоқсан
2023 жыл
|
- Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының атқарған жұмысы туралы.
|
- Жетісу облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Қ.Башбаевтың есепті баяндамасы назарға алынсын.
|
Орындалды |