Жетісу облыстық мәслихатының
кезектен тыс X сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12 тармағына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс X сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін:
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-39 «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесіндегі №2 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтауға арналған газ автономды Блокты-модульді қазандықтың құрылысы және оған сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер алып тастау туралы.
- Жетісу облысының басқару схемасын бекіту туралы.
- Учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы «Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 10-22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облысы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Г.Тойлыбаева