Жетісу облыстық мәслихатының
кезектен тыс ІІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12 тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін.
- Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындау туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 11 тамыздағы №7-18 «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Жетісу облысының ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8-20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы.
- «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Б.Т.Тынышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы туралы.
- Әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша депутаттық топ құру туралы.
Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева