Жетісу облыстық мәслихатының
кезектен тыс ІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12 тармағына сәйкес, облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс ІІ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін.
- 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №13-39 «Жетісу облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «Жетісу облысының барлық денгейдегі әкімдерінің 2023 жылғы халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесін келісу туралы» №13-41 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Жетісу облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы.
- Жетісу облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Төраға Г. Тойлыбаева