ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай облыстық спартакиаданың ЕРЕЖЕСІ

 

«КЕЛІСЕМІН »

Жетісу облыстық мәслихат төрағасы

______________Г.Тойлыбаева

«__»_____________2024 жыл

«КЕЛІСЕМІН»

Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры

_______________Р.Қалиев

«__»__________2024 жыл

«БЕКІТЕМІН»

Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

_______________Ұ.Рысқұл

«__»___________2024 жыл

 

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай

 облыстық спартакиаданың

ЕРЕЖЕСІ

 

Талдықорған қаласы, 2024 жыл

 

І. Жарыстың атауы

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай облыстық спартакиадасы.

 

ІІ. Жарыстың мақсаты мен міндеттері 

- Облыста денсаулықты нығайтуға және спортпен шұғылдануға жағдай жасау;

- Мәслихат депутаттары мен қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

 

ІІІ. Жарыстың өткізілу орны мен уақыты

Жарыс 2024 жылдың 20 ақпан  күні Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының орталық залында өтеді.

         Мандаттық комиссия сағат: 20 ақпан, сағат: 08:30

 

ІV. Жарысты өткізу жүйесі

Жалпы басшылық Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына және жарысты өткізу бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі.

          «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мен «Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ жарыстың ережесі, мерзімі, төрелік ету және басқа өзгертулерді енгізуге құқылы.

         Спорт түрлері бойынша жарыстар бекітілген ережелерге сәйкес өткізіледі.

 

  1. V. Қатысушы ұйымдар мен спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді қабылдау шарттары және сандық құрамы

(жынысы мен туған жылы)

  1. Жарыс төрт спорт түрі бойынша өткізіледі.
  2. Жарысқа Жетісу облыстық, аудан және қалалық барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және қызметкерлері қатыса алады.
  3. Жарыстың Бас төрешісін және спорт түрлері бойынша адал және сапалы төрешілікпен Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы қамтамасыз етеді.
  4. Ойындар бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі.

Спорт түрлері және командалар құрамы:

 

№

Спорт түрі

Қатысушылар саны

Барлығы

1

Бильярд

1 ойыншы

1

2

Шағын футбол

5 ойыншы, 1 қақпашы        (3 қосалқы ойыншы )

9

3

Үстел теннисі

1 ер адам, 1 әйел адам

2

4

Тоғызқұмалақ

1 ер адам, 1 әйел адам

2

БАРЛЫҒЫ

14

Спорт түрлері бойынша жарыс бағдарламасы:

 

Бильярд

(құрамдастырылған пирамида)

 

Жарыстар олимпиада жүйесі бойынша өткізіледі және бір жеңілістен кейін ойыннан шығып отырады. Партияның уақыттық кезеңіне өзгерістер енгізу және ойын үлгісі мандаттық отырыста қарастырылады.

Қатысушылар үшін киім үлгісі – қара шалбар, ақ жейде.

 

Шағын футбол 

           Команданың құрамында 8 ер адам (5 ойыншы, 1 қақпашы, 3-і қосалқы). Жарыстарды өткізу жүйесі өтініш білдірген командалардың санына байланысты бас төрешілер алқасымен белгіленеді. Алаңда тікелей 5 ойыншы және 1 қақпашы болады. Кездесудің ұзақтығы – 10 минуттан 2 тайм (үзіліс 5 минут). 1-3 орын үшін ақтық ойындарының ұзақтығы 2 таймнан (15 минуттан және 5 минут үзіліс). Барлық ойындар шағын футболдың қолданыстағы FIFA қағидалары бойынша өткізіледі. Команда бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Бір ойыншының екі команда үшін қатысуына тыйым салынады. Кемінде 6 команда қатысқан жағдайда, жарыстар шеңбер жүйесімен өткізіледі, 6 командадан астам қатысқан жағдайда кіші топтарға бөлу жүргізіледі. Түйіскен матчтар өткізілгенде, негізгі уақыт біткен кезде тең нәтиже болған жағдайда қағидаларға сәйкес      6 метрлік соққылар соғылады. Сондай-ақ:

  • Барлық матчтарда соғылған және өткізілген доптардың үздік айырмашылығы бойынша;
  • Ойындардың нәтижелері бойынша өзара (ұпай саны, жеңістер саны, соғылған және өткізілген доптардың айырмашылығы, соғылған доптардың саны);
  • Барлық матчтарда ең көп соғылған голдар саны бойынша;
  • Матчтардың хаттамаларына енгізілген бұзушылықтардың ең аз саны бойынша (ескерту – 1 айыппұл ұпай, алып тастау-5 айыппұл ұпай), барлық көрсеткішкердің абсолютті теңдігі жағдайында командалардың орындары жеребемен анықталады.

 

Үстел теннисі

           Команданың құрамында 1 ер адам және 1 әйел адам болуы қажет. Жарыс үстел теннисінің «ҚР үстел теннисі федерациясы» ҚБ және (ITTF) ережелерінің қолданыстағы қағидалары бойынша жүргізіледі. Жарыстарды өткізу жүйесі қатысушылар санына байланысты болады.

 

Тоғызқұмалақ

          Команданың құрамында 1 ер адам және 1 әйел адам болуы қажет. Жарыс  «ҚР тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ ережелерінің қолданыстағы қағидалары бойынша жүргізіледі. Жарыстарды өткізу жүйесі қатысушылар санына байланысты болады.

VІ. Жарысқа өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі және медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

 

         Командалардың спорт түрлері бойынша алдын ала өтінімдер көрсетілген қосымшаға сәйкес 2024 жылдың 15 ақпан, сағат 18.30-ға дейін   7su_sport@mail.ru, info@zhetysuoblmaslihat.gov.kz (міндетті түрде көрсетілген екі электронды поштасына жолдау қажет) электронды пошталар арқылы қабылданады. 

Мандаттық отырыс кезінде командалар спорт түрлері бойынша өтінімдердің түп нұсқасын төрешілер алқасына ұсынуы тиіс.

Жарыс кезінде эпидимиологиялық (санитарлық) сақтық шараларын қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

 

VІІ. Нәтижелерді бағалау жүйесі

Финалдық жарыстардың қорытындылау тәртібі:

          Спартакиаданың ақтық жарыстарында төрешілердің қорытындысы келесі тәртіпте шығарылады:

  1. Командалар қатысушыларының арасындағы жалпы қомандалық орындар.
  2. Әрбір спорт түрі бойынша жекелей орындар.

         Спартакиадада жалпы командалық орын барлық спорт түрлері бойынша жинаған ең көп ұпай санымен анықталады. Спорттың бір түріне не бағдарламаның тәртібіне қатысушы не команда келмей, қатыспаған жағдайда, командаға «0» ұпай беріледі.

Ұпайлар кестесі

(шағын футбол) ұпайларды есептеу кестесі

Орын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұпай

20

18

16

14

12

10

8

6

4

2

 

Жеке спорт түрлері (бильярд, үстел теннисі,тоғызқұмалақ) бойынша ұпайларды есептеу кестесі

Орын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ұпай

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

 

VІІІ. Жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау тәртібі

Жарыс жеңімпаздардары Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі грамота, диплом, медаль, кубок сертификатпен, ақшалай сыйлықпен және арнайы номинациялармен марапатталады.

1 орын – 500 000 теңге;

2 орын – 300 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге;

Арнайы 8 номинация – 100 000 теңге.

 

ІХ. Жарыстың қаржылық шығындары

Жарыста жүлделі орын алған жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау үшін дипломдар, медальдар, кубоктар және жарыс өтетін орынды безендіру үшін баннер шығындары мен төрешілердің ақысы «Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің есебінен жүзеге асырылады.

Қатысушылардың іс-сапар шығындары жарысқа жіберуші мекеме есебінен.

 

Х. Наразылық көрсету тәртібі және оны қарау

Наразылық білдірген кезде команда өкілі (әр спорт түрі бойынша ойын аяқталғаннан кейін) наразылық білдіргені туралы ойын хаттамасында жазбаша түрде жасауы тиіс.

Жазбаша наразылық толығымен дәлелденіп, команда өкілі қол қойып, ойын күні бас төрешіге тапсырылуы керек.

Уақытында және тиісті түрде рәсімделмеген наразылықтар қарауға қабылданбайды және осы ереже бойынша наразылықтар тоқтатылды.

ХІ. Жарысқа қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері

Жарыстың келу және қайту күндері: 20 ақпан 2024 жыл.

Байланыс телефондары: 8 702 710 81 04  Е.Мұратова

            

Осы Ереже турнирге ресми шақыру болып табылады!

 

Ескерту: Жарыстың өтетін күндерінде, жолда, спортшылардың қауіпсіздігі команданың жаттықтырушысына және өкіліне жүктеледі.

Іссапарға жіберуші мекеме жол полициясы экипажымен қамтамасыз етуі қажет!

 

Өтінім үлгісі

 

«БЕКІТЕМІН»

мекеме басшысы

________________

 

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай

 облыстық спартакиадасына қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

№

А.Ж.Т.

Туған жылы

Жұмыс орны, лауазымы

Дәрігер визасы

 

 

 

 

 

 

 

Команда өкілі________________________________________________

Команда жаттықтырушысы______________________________________

Дәрігер________________________________________

 

 

 

Дата публикации
30 января 2024