«ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай облыс деңгейдегі мәслихат депутаттарының арасында «Әкем, Анам және мен спорттық отбасы!» атты спорттық іс-шараның ЕРЕЖЕСІ

«КЕЛІСЕМІН »

Жетісу облыстық мәслихат төрағасы

______________Г.Тойлыбаева

«__»_____________2024 жыл

«КЕЛІСЕМІН»

Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры

_______________Р.Қалиев

«__»___________2024 жыл

«БЕКІТЕМІН»

Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

_______________Ұ.Рысқұл

«__»____________2024 жыл

 

«ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай облыс деңгейдегі мәслихат депутаттарының арасында

«Әкем, Анам және мен спорттық отбасы!» атты спорттық         іс-шараның

ЕРЕЖЕСІ

Талдықорған қаласы, 2024 жыл

І. Жарыстың атауы

ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30-жыл толуына орай облыс деңгейдегі мәслихат депутаттарының арасында «Әкем, Анам және мен спорттық отбасы!» атты спорттық жарысы.

 

ІІ. Жарыстың мақсаты мен міндеттері

- Облыста денсаулықты нығайтуға және спортпен шұғылдануға жағдай жасау;

- Мәслихат депутаттары мен қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- Халықты дене шынықтыру және спортқа тарту;

- Спортпен шұғылдану қажеттілігі мен ынталандыруын насихаттау;

- Іс-шара арқылы жолдастық қарым-қатынасты нығайту.

 

ІІІ. Жарыстың өткізілу орны мен уақыты

Жарыс 2024 жылдың 22 ақпан  күні Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының орталық залында өтеді.

         Мандаттық комиссия сағат: 22 ақпан, сағат: 08:30

 

ІV. Жарысты өткізу жүйесі

Жалпы басшылық Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына және жарысты өткізу бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі.

          «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мен «Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ жарыстың ережесі, мерзімі, төрелік ету және басқа өзгертулерді енгізуге құқылы.

         Спорт түрлері бойынша жарыстар бекітілген ережелерге сәйкес өткізіледі.

 

  1. Қатысушы ұйымдар мен спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді қабылдау шарттары және сандық құрамы

(жынысы мен туған жылы)

  1. Жарысқа облыстың аудандары мен қалаларының мәслихат депутаттары және мәслихат аппараты қызметкерлерінің отбасыларынан құралған командалар қатыса алады. Отбасы командасының құрамы - 3 адам (әкесі, анасы және 12 жасқа дейінгі бала, ата-ананың біреуі міндетті түрде депутат немесе аппарат қызметкері болуы қажет). Әр аймақтан бір ғана команда қатыса алады. Сондай-ақ қатысушылар төрешілер алқасына неке туралы куәлік және баланың туу туралы куәлігін ұсынуы тиіс. Қатысушы команда бірыңғай спорттық киімде болуы шарт.

 Жарыс бағдарламасына өзгерістер енгізілуі мүмкін!

  1. 2. Жарыстың Бас төрешісін және спорт түрлері бойынша адал және сапалы төрешілікпен Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы қамтамасыз етеді.
  2. Ойындар бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі

Жарыстың бағдарламасы:

  1. Жеребе тарту рәсімі.
  2. Жарыстың ашылу салтанаты.
  3. «Көңілді старт» эстафеталары.

- Тунель арқылы өту (Жарыс барысында отбасы мүшелері, яғни әкесі, анасы және баласы белгіленген туннель арқылы уақытқа жүгіріп өтулері тиіс,          ең аз  уақытта кедергіні жүгіріп өткен команда  жоғары ұпайды иеленеді.

- Футбол добымен кедергілерден өту ( жарыс барысында отбасы мүшелері, яғни әкесі,анасы және баласы футбол добымен арнаиы қойылған кедергілерден өтуі тиіс. Ең аз уақытта кедергіні жүгіріп өткен команда жоғарғы ұпайды иеленеді).

- Балаларға арналған самокатпен кедергілерден өту (жарыс барысында отбасы мүшелері ,яғни әкесі,анасы және баласы балаларға арналған самакатпен белгіленген кедергілерден өтуі тиіс. Ең аз уақытта кедергіні жүгіріп өткен команда жоғарғы ұпайды иеленеді).

-Үрленген шарлармен ана мен баланың эстафетасы өту (жарыс барысында отбасы мүшелері ,яғни әкесі,анасы және баласы үрленген шармен сенкіріп ,белгіленген кедергілерден өтуі тиіс. Ең аз уақытта кедергіні жүгіріп өткен команда жоғарғы ұпайды иеленеді).

-Шеңбермен жүгіру эстафетасыц (жарыс барысында отбасы мүшелері ,яғни әкесі,анасы және баласы шеңбермен белгіленген кедергілерден өтуі тиіс. Ең аз уақытта кедергіні жүгіріп өткен команда жоғарғы ұпайды иеленеді).

-Пинг понг тақтайшасымен жүгіру (жарыс барысында отбасы мүшелері, яғни әкесі,анасы және баласы пинг понг тақтайшасымен кедергілерден өтуі тиіс. Ең аз уақытта кедергіні жүгіріп өткен команда жоғарғы ұпайды иеленеді).

  1. 4. Арқан тарту ойындары (жарыс барысында отбасы мүшелері , яғни әкесі, анасы және баласы қатысады).

         5.Қол күрес ойындары (жарысқа команда мүшелерінен анасы ғана қатыса алады).

  1. Жарыстың жабылу салтанаты.

 

VІ. Жарысқа өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі және медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

 

         Жарысқа қатысушы командалар алдын ала өтінімдер көрсетілген қосымшаға сәйкес 2024 жылдың 16 ақпан, сағат 18.30-ға дейін   7su_sport@mail.ru, info@zhetysuoblmaslihat.gov.kz (міндетті түрде көрсетілген екі электронды поштасына жолдау қажет) электронды пошталар арқылы қабылданады. 

Мандаттық отырыс кезінде командалар өтінімдердің түп нұсқасын және неке туралы куәлік және баланың туу туралы куәлігін ұсынуы тиіс.  

Жарыс кезінде эпидимиологиялық (санитарлық) сақтық шараларын қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

 

VІІ. Нәтижелерді бағалау жүйесі

Жалпы командалық орын-әрбір спорт түрі бойынша жекелей есептеліп, барлық спорт түрлері бойынша жинаған ең көп ұпай санымен анықталады.

 

VІІІ. Жарыстың чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау тәртібі

Жарыс жеңімпаздардары Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі грамота, диплом, медаль, кубок сертификатпен, ақшалай сыйлықпен және арнайы номинациялармен марапатталады.

1 орын – 500 000 теңге;

2 орын – 300 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге;

Номинация «Ең жас отбасы» - 150 000 теңге;

Номинация «Жеңіске деген жігер үшін» - 150 000 теңге;

«Белсенділік танытқаны үшін» 6 номинация  - 100 000 теңге.

 

ІХ. Жарыстың қаржылық шығындары

Жарыста жүлделі орын алған жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау үшін дипломдар, медальдар, кубоктар және жарыс өтетін орынды безендіру үшін баннер шығындары мен төрешілердің ақысы «Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ-нің есебінен жүзеге асырылады.

Қатысушылардың іс-сапар шығындары жарысқа жіберуші мекеме есебінен.

 

Х. Наразылық көрсету тәртібі және оны қарау

Наразылық білдірген кезде команда өкілі (әр спорт түрі бойынша ойын аяқталғаннан кейін) наразылық білдіргені туралы ойын хаттамасында жазбаша түрде жасауы тиіс.

Жазбаша наразылық толығымен дәлелденіп, команда өкілі қол қойып, ойын күні бас төрешіге тапсырылуы керек.

Уақытында және тиісті түрде рәсімделмеген наразылықтар қарауға қабылданбайды және осы ереже бойынша наразылықтар тоқтатылды.

 

ХІ. Жарысқа қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері

Жарыстың келу және қайту күндері: 22 ақпан 2024 жыл.

Байланыс телефондары: 8 747 566 93 09 С. Ермолда 

            Осы Ереже турнирге ресми шақыру болып табылады!

 

Ескерту: Жарыстың өтетін күндерінде, жолда, спортшылардың қауіпсіздігі команданың жаттықтырушысына және өкіліне жүктеледі.

Іссапарға жіберуші мекеме жол полициясы экипажымен қамтамасыз етуі қажет!

Дата публикации
30 января 2024