«Текелі қаласындағы «Батыр» спорт кешенін жалға алу» және «Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді азайту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына, «Жергілікті атқарушы органдардың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 33 бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Текелі қаласындағы «Батыр» спорт кешенін жалға алу» және «Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік міндеттемелерді азайту.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
  3. Осы шешім қол қойылғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы                                    Г. Тойлыбаева

Дата публикации
20 декабря 2023