Жетісу облыстық мәслихатының
аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына, сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты Жетісу аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы қалыптасатыны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады.
Сайлау комиссияның өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссияның құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 09 қарашадан 08 желтоқсанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияның құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссияның жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші;
5) Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында (аумақтық сайлау комиссияларына кандидаттар үшін) «сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.
Сайлау комиссияның құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияның жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жетісу облыстық мәслихаты
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы – Г.К.Тойлыбаева.
Мәслихаттың орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы,38
Жауапты тұлға – Жазыкбаев Аманжол Тоқтарұлы, № 214 каб., ұялы телефондарының нөмірі: 87711111222, 87014956783 электрондық пошта мекен жайы- info@zhetysuoblmaslihat.gov.kz
|
№ |
Комиссияның атауы |
Объектінің атауы (орналастыру жері) |
Комиссияның орналасқан жерінің мекен-жайы |
комиссия мүшелерінің саны |
||
|
|
Елді-мекен |
Көшенің атауы |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Аумақтық сайлау комиссия |
«Жетісу» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ғимараты |
Талдықорған қаласы |
Абылайхан көшесі |
113 |
7 |