«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жетісу облысы әкімдігінің 2022 жылғы 08 тамыздағы «Жетісу облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар щеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» №10 қаулысына сәйкес, Жетісу облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар щеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.