«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №18-81 бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №150 қаулысына сәйкес Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы бірлескен шешім мен қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарының, Талдықорған және Текелі қалаларының жерлерін енгізу арқылы Жетісу облысының шекарасын белгілеу туралы ұсыныс енгізілсін.
- «Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Жетісу облысының сәулет және қала құрылыс басқармасы», «Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы осы бірлескен шешім мен қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы бірлескен Жетісу облысы мәслихатының шешімі мен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Жақанбаевқа және Жетісу облысы мәслихатының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.