Жетісу облысының басқару схемасы туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және "Қарақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы" 2013 жылғы 18 маусымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №608 қаулысына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

 1. Жетісу облысының келесі басқару схемасы бекітілсін:

1) Жетісу облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі;

2) «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

3) «Жетісу облысының сәулет және қала құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

4) «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

5)  «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

6) «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

7) «Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесі;

8) «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

9) «Жетісу облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

10) «Жетісу облыстық  құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

11) «Жетісу облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

12) «Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

13) «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

14) «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

15) «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

16) «Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

17) «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

18) «Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма» мемлекеттік мекемесі;

19) «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

20) «Жетісу облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

21) «Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

22) «Цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

23) «Жетісу облысының мемлекеттік  сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

24) «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
20 июня 2022