Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жетісу облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы 5 адам көлемінде белгіленсін.
- Тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы болып депутат Шенгелбаев Секенбай Сейтжанұлы сайлансын.
- Тұрақты комиссиясының мүшелері болып депутат Ахметова Гүлмира Асқарқызы, Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, Каримов Досан Елжанұлы, Тынышбаев Берік Тынышбайұлы сайлансын.