Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» №704 Жарлығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Жетісу облыстық мәслихатының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сессия жалпы отырыс нысанында өткізіледі, мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырылады.
Сессия жұмысында мәслихат шешімі бойынша мәслихат белгілеген мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат хатшысы отырыс басталардан бұрын жария етеді.
Мәслихат сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, жабық сессияларды өткізуге мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша жол беріледі.
Төтенше жағдай режимі жарияланған немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде сессия бейнеконференцбайланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Дауыс беру:
1) бар болса, дауыстарды санаудың электрондық жүйесі пайдаланылып;
2) қол көтеру арқылы;
3) бюллетеньдер пайдаланылып жүзеге асырылады.
Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде мәслихат хатшысы не оны алмастыратын адам кворумды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Кворумды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде төрағалық етуші дауыс беруді мәслихаттың келесі отырысына ауыстырады.
Өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда, мәслихаттың шешімі бойынша қайта дауыс беру өткізіледі.
Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін мәслихат хатшысы немесе оны алмастыратын адам дауыс беруге қатысқандардың, «қолдап», «қарсы» дауыс бергендердің, қалыс қалғандардың санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жария етеді. Деректер мәслихат отырысының хаттамасына енгізіледі.
Мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар қабылданған кездегідей дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Кезекті сессиялардың өткізілуін мәслихат сессияда жоспарлайды.
Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
Ақпарат тиісті мәслихаттың ресми интернет-ресурсында сессияға дейін кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын орналастырылуға тиіс.
Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге сессияға дейін кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын қағаз немесе электрондық түрде ұсынады.
Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды мәслихат хатшысына жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық бірлестіктер ұсына алады.
Сессияның күн тәртібін талқылау кезінде ол толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Мәслихат сессияның күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша жеке өткізіледі. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, мәслихат хатшысының шешімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.
Мәслихат хатшысы өз бастамасы немесе депутаттардың дәлелді ұсынысы бойынша үзіліс жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттардың қысқа мәлімдемелер мен хабарламалар жасауы үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Депутаттық сауалдар, түсіндірме және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеу жарыссөздерде сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.
Жарыссөздер сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс беруімен тоқтатылады. Жарыссөздерді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде мәслихат хатшысы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететінін анықтайды.
Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар мәслихат хатшысына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.
3-тарау. Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі
Мәслихаттың хатшысы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті материалдармен қоса тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жолдайды. Бір мезгілде облыс мәслихаты деңгейіндегі тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау мен талдауды жүргізу тапсырылуы мүмкін.
Тиісті аумақтың бюджеті туралы шешімнің жобасын дайындау осы Регламенттің 29-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда, жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиядан депутаттар тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, облыс әкімдігінің ұсынуы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.
Шешімдердің жобаларына жауапты комиссияның баяндамасында шешімдердің жобаларына енгізілген және қабылданбаған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.
Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобалары бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөздер басталғанға дейін баяндай алады.
Рәсімдік мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері жеке шешім қабылдамай, отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы хаттамамен қабылданады және отырыс хаттамасында тіркеледі.
Мына: отырысты жүргізу тәртібі, мәселелерді талқылау кезектілігі, жарыссөздерді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәсілдері, кворумды куәландыру және дауыстарды қайта санау, қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдерге және (немесе) қайта дауыс беруге оралу туралы мәселелер рәсімдік болып табылады.
Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.
1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол қабылданбаған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;
2) негізге алынған жобаға енгізілмеген түзетулер кезекпен дауысқа салынады;
3) сессия шешімі қабылданған түзетулер ескеріліп, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.
Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.
Жергілікті өкілді органдардың жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімінің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін.
Мәслихат хатшысы бюджет жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті комиссияларға бюджет жобасы бойынша қорытынды дайындау үшін қажетті мерзімдерді көрсетіп, тапсырма жібереді.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттың уақытша комиссиясының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен, есеп-қисаптармен облыс бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар тұжырымдайды және оларды ұсыныстарды жинақтау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды дайындауды жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын барлық қажетті материалдармен қоса мәслихат хатшысына ұсынады.
Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
4-тарау. Есептерді тыңдау тәртібі
Мәслихат хатшысының не оны алмастыратын адамның сөзінен кейін сөз облыс әкіміне беріледі.
Әкімнің баяндамасында облыстың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлерді дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Есеп беруден кейін депутаттар сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пікірін айтуға құқылы.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың қарауына енгізіледі.
1) әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) есебін бекіту туралы;
2) есепті қабылдамау және оны қайта тыңдау қажеттігі туралы мәселені дауыс беруге қояды.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) есебін қайта тыңдау қабылданбаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) пысықталған есебі қабылданбаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей мәслихатқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы жылына бір реттен сиретпей мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттық сауалдар мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы жылына бір реттен сиретпей мәслихаттың кезекті сессияларында есеп береді.
Мәслихат хатшысын не оны алмастыратын адамды, не тұрақты комиссиялардың төрағасын тұрғындар алдында тыңдау күн тәртібі бойынша облыс әкімінің қысқаша кіріспе сөзімен басталады.
Облыс әкімінен кейін сөз мәслихат хатшысына, не оны алмастыратын адамға, не тұрақты комиссиялардың төрағасына беріледі.
Есеп беруден кейін тұрғындар сұрақтар қоюға және оларға жауап алуға, өз пікірін айтуға құқылы, олар хаттамаға енгізіледі.
Есеп беру кездесулерінің хаттамаларын мәслихат аппаратының басшысы дайындайды және оған мәслихат хатшысы не оны алмастыратын адам, не тұрақты комиссияның төрағасы қол қояды.
5-тарау. Депутаттық сауалдарды қарау тәртібі
Депутатқа депутаттық сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі. Прокурорға жолданған депутаттық сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға байланысты болмауға тиіс.
6-тарау. Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары және өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері
1-параграф. Мәслихат хатшысы
Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусын алса, кандидат мәслихат хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.
Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылған болса және олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын жинай алмаса, неғұрлым көп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаса, қайта сайлау өткізіледі.
Мәслихат хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Мәслихат хатшысы өкілеттіктерін Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
2-параграф. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары
Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамын мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша мәслихат айқындайды.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
Жария тыңдаулар тұрақты комиссиялардың депутаттар, атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, азаматтар қатысатын кеңейтілген отырыстары нысанында осы комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.
Жария тыңдаулар өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария тыңдаулар өткізілгенге дейін бір ай бұрын алдағы жария тыңдаулардың тақырыбын, өткізілетін күні мен уақытын халықтың назарына жеткізеді.
Жария тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Жария тыңдауларда басқа тұрақты комиссиялардан мәслихат депутаттары қатыса алады.
Жария тыңдауларда тұрақты комиссияның депутаты сөз сөйлегеннен кейін сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді.
Сөз сөйлеу қорытындылары бойынша комиссия депутатының баяндамасына келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
Жария тыңдаулардың хаттамасын мәслихат аппаратының қызметкері дайындайды және жария тыңдауларда төрағалық еткен депутат қол қояды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттігіне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
3-параграф. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы
Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына екеуден артық кандидатура ұсынылып, олардың бірде-бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын жинай алмаса, неғұрлым көп дауыс жинаған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан көбінің даусын жинай алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.
Егер комиссия отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
4-параграф. Облыс мәслихатының тұрақты комиссиясының қызметін тұрақты негізде жүзеге асыратын төрағасы
Тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы осы Регламенттің 53-тармағына сәйкес сайланады.
Облыс мәслихаты сессияда тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалары басқаратын екіден аспайтын тұрақты комиссияны айқындайды.
Бір саяси партияның мүшелері болып табылатын депутаттар тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың төрағалары бола алмайды.
1) мәслихаттың тұрақты комиссиясының жұмысына басшылық етеді;
2) сессиялар арасында тұрақты комиссияларға келіп түскен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберуді қамтамасыз етеді және олардың қаралуын бақылайды;
3) мәслихаттың сайлаушылармен өзара қарым-қатынасын қолдау, оларды мәслихаттың қызметі туралы жүйелі түрде хабардар ету, төтенше және шұғыл мәселелерге ден қою үшін халықпен, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулерді қамтамасыз етеді;
4) өзі құрамына кірмейтін мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
5) өзінің қарауындағы мәселелер бойынша мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми мекемелердің, мамандардың пікірлерін сұратады;
6) мәслихат депутаттары енгізген мәселелер мен ұсыныстарды қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды, қабылданған шешімдердің орындалуын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды;
7) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және тұрақты комиссияның отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды;
8) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды тұрақты комиссия қызметінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
9) тұрақты комиссия депутаттары сауалдарының және тұрақты комиссияға келіп түскен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаулыларының мәслихаттың интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
11) Заңға, осы Регламентке және мәслихат регламентіне сәйкес өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Егер мәселені қарауға өзі төрағасы болып табылатын тұрақты комиссия жауапты болған жағдайда, тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасының облыстық мәслихат хатшысының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асырған кезде шешуші дауыс құқығы болмайды.
Тұрақты комиссиялардың бірінің тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін басқа тұрақты комиссияның тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасы немесе мәслихат хатшысының шешімі бойынша мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.
5-параграф. Мәслихаттың есеп комиссиясы
Мәслихат есеп комиссиясының тақ саннан тұратын құрамын ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан сайлайды.
Мәслихат осы комиссияның құрамына мәслихат аппаратының, мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың жұмыскерлерін қосуға құқылы.
Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс беру басталар алдында мәслихат хатшысы дауысқа түсетін ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқып береді.
Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін есеп комиссиясы белгілейді және оны есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Бюллетеньдер беру тікелей дауыс беру алдында жүргізіледі, олар есеп комиссиясы белгілеген нысан бойынша оның бақылауымен отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде дайындалады, оларға есеп комиссиясының төрағасы қол қояды.
Әрбір депутатқа есеп комиссиясының төрағасы қол қойған бір бюллетень беріледі. Бюллетеньдердің жалпы саны мәслихат депутаттарының тізімдік құрамының санынан аспауға тиіс.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мәслихат депутаттарына олар депутат куәлігін көрсеткен кезде беріледі.
Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер есептеу кезінде есепке алынбайды.
Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер, ал лауазымды адамдарды сайлаған кезде бір лауазымға біреуден артық кандидатура белгіленген бюллетеньдер де жарамсыз деп есептеледі. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньде қосымша жазылған тектер есепке алынбайды. Біреуден артық шешім жобасы белгіленген бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледі.
Толтырылмаған бюллетеньдер және барлық кандидаттардың тектері белгіленбеген бюллетеньдер жарамды деп танылады, бірақ дауыстарды санаған кезде есепке алынбайды.
Есеп комиссиясы дауыс беруге арналған жәшікті дауыс беру аяқталғаннан кейін ашуға тиіс. Жәшікті дауыс беру аяқталғанға дейін ашуға тыйым салынады.
Есеп комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Мәслихаттың шешімі бойынша өткізілген дауыс беру рәсімі мен техникасында қателер анықталған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі.
Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутатының кейін дауыс беруге құқығы жоқ.
6-параграф. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізе алады;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айта алады;
3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсына алады;
4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұрата алады.
7-тарау. Депутаттық этика қағидалары
1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға тиіс;
2) өздері сөз сөйлегенде мәслихат депутаттарының және басқа да тұлғалардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін негізсіз айыптауларды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбауға тиіс;
3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиіс;
4) мәслихаттың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс;
5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.
8-тарау. Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру
9-тарау. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру
Мәслихат аппараты жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.
Мәслихаттың өкілеттік мерзімі аяқталғанда, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.