Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XLІІ сессиясы

Жетісу облыстық мәслихатының 
кезекті XLІІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

 

         Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XLІІ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін:

  1. «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  2. Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы№ 33-202 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Жетісу облыстық полиция Департаментінің  2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі туралы.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында берген тапсырмаларының орындалуы туралы.
  5. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы «Жетісу облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» № 3-24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Облыстық мәслихат төрағасының м.а.                        Р. Салықова 

Дата публикации
28 сентября 2026