Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы

Жетісу облыстық мәслихатының
кезектен тыс XL сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін: 

  1. «Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы.
  2. Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
  3. Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Жетісу облысының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 36-223 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-73 «Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Облыстық мәслихаты төрағасының м.а.                        Р. Салықова

Дата публикации
31 июля 2026