Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXІХ сессиясы

Жетісу облыстық мәслихатының
кезектен тыс XXXІХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXІХ сессиясының күн тәртібі төмендегі редакцияда бекітілсін: 

  1. Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  2. Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы лауазымынан босату туралы.
  3. Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.
  4. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  5. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 15-46 «Жетісу облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. «Жетісу облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының сан құрамын белгілеу және төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. «Жетісу облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат және спорт мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының сан құрамын белгілеу және төрағасы мен мүшелерін сайлау туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Облыстық мәслихаты төрағасының м.а.                        Р. Салықова

Дата публикации
22 июля 2026