Жетісу облыстық мәслихатының
кезекті XXXVIІ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXXVIІ сессиясының күн тәртібі келесі редакцияда бекітілсін:
- 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
- Жетісу облысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
- «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-206 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Ескелді аудандық орталық ауруханасы «ШЖҚ МКК диагностика ғимаратын салу және жабдықтармен жарақтандыру (компьютерлік томография)» мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің жоба бойынша 2027-2031 жылдарға мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8-20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы.
- Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 20-125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Г.Тойлыбаева